⛅
24°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home БАҚ

    Өскелең ұрпақтың жасампаз қуатына сенемін

    06.01.2026
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Лебіз, Сұхбат
    Өскелең ұрпақтың жасампаз қуатына сенемін
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: “ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ” тақырыбында «Turkistan» газетіне берген сұхбатына орай, өзімнің еңбек етіп жатқан ұстаздық салама байланысты азаматтық ұстанымымды бөлісуді жөн санадым.

    Мемлекет басшысы тарихи жады мен рухани сабақтастықтың маңызын Абай мұрасымен байланыстыра отырып, қоғамды жаңғыртудың іргелі негізін айқындайды. Абайдың «Толық адам» ілімі – тек әдеби немесе философиялық мұра емес, бүгінгі қоғамдық сананы сауықтырудың нақты құралы ретінде ұсынылуы орынды. Президенттің көпірме сөз бен мағынасыз пікірталастың пайдасыздығын атап өтуі – қазіргі ақпараттық заманда ерекше мәнге ие ой. Бұл – қоғамды жауапкершілікке, өзін-өзі сын көзбен бағалауға шақыратын ұстаным. Абай ілімін жаңғырудың рухани темірқазығы ретінде тану – тарихи тәжірибеден туған салмақты шешім.

    Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды стратегиялық басымдық ретінде белгілеу – уақыт талабынан туған қажеттілік десе болады. 650 мыңнан астам студенттің AI-Sana бағдарламасы арқылы білім алуы – сөзден іске көшкендіктің дәлелі. Президенттің «болашақтың кемесіне мініп үлгеру» туралы тұжырымы технологиялық бәсекеде кешеуілдеудің қандай салдарға әкелетінін ашық көрсетеді. Бұл тарау Қазақстанның жаһандық өзгерістерге бейімделуші емес, сол өзгерістерге белсенді қатысушы ел болуға ұмтылысын аңғартады.

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрбір сөзінде жастардың рөліне, олардың ел дамуындағы маңызына ерекше тоқталады. Соның айқын дәлелі – Мемлекет басшысының: «Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың жасампаз қуатына сенемін» деген жүрекжарды сөзі. Бұл – жастарға артылған зор сенім ғана емес, оларды алдағы жауапты істерге рухтандыратын, жігерін жанитын шынайы бағалау. Өйткені жастар – еліміздің ертеңгі тірегі, мемлекеттің стратегиялық ресурсы. Заманауи біліммен қаруланған, ұлтжанды, ойы сергек ұрпақ қана Қазақстанды жаңа биіктерге көтере алады. Қазіргі замандағы өзгерістердің басты қозғаушы күші – жастар. Жас буынның ойы, пікірі, көзқарасы елдің даму бағыты мен болашағына тікелей әсер етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл мәселеге ерекше мән беріп, «Жастардың ой-санасымен санасу – мемлекеттің өркениеттілігінің көрсеткіші» деп атап өтті.

    Бұл – тек сөз емес, нақты әрекетке бағытталған көзқарас. Президент әрбір кездесуде жастардың белсенділігіне сүйсініп, олардың тың идеяларын қолдауға әзір екенін көрсетіп келеді. Елдің сандық, инновациялық дамуы дәл осы өскелең ұрпақтың қолында екенін терең түсінеді.  Жастармен ашық диалог орнату, олардың пікірін ескеру – бұл демократиялық қоғам құрудың негізі. Бұл бағытта білім беру ұйымдарында түрлі пікірталастар, ашық кездесулер, форумдар өткізіліп келеді. Мәселен, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің жастары осы сұхбат төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікірталас жүргізді.

    Президенттің жастарға артқан сенімі – үлкен жауапкершілік. Бұл бізді жігерлендіріп қана қоймай, өз еліміз үшін еңбек етуге, біліміміз бен білігімізді ұлт игілігіне жұмсауға ынталандырады.

    Толқын Әлікенқызы Нурмуханбетова,

    Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің

     қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында 3 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды
    22.04.2026
    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді»
    22.04.2026
    Мемлекет басшысы: «Жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ, теңгерімді және ынталандырушы сипатта өрбуге тиіс»
    22.04.2026
    Әлем өзгерді, бірақ құқық өзгермеуі тиіс
    22.04.2026
    Президент саммит қатысушыларына ілтипат білдіріп, халықаралық диалог алаңының маңызына тоқталды
    22.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>