[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Өсу мен өрлеу жолы

    15.01.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Қоғам, Туризм және саяхат
    Өсу мен өрлеу жолы
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

        Алматы облысында өткен жылы әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тек сандық өсіммен емес, сапалық өзгерістермен де ерекшеленді. Негізінен аграрлық аймақ саналатын облыс экономикасында кейінгі жылдары қолға алынған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде біртіндеп өңдеу өнеркәсібі, логистика, инвестиция тарту, туризм салалары дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы көрсеткендей, аймақ республикадағы ең серпінді дамып келе жатқан аймақтардың біріне айналды.

    Сөзіміз жалаң болмас үшін әуелі негізгі экономикалық индикаторларға назар аударсақ, былтыр қысқамерзімді экономикалық өсім 110,6 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,6 трлн теңгеден асып, 10 пайыздан жоғары өсім көрсетті. Бұл өңір экономикасының шикізаттық емес бағытқа біржола бет бұрғанын білдіреді. Өнеркәсіп құрылымының 90 пайызға жуығы өңдеу секторына тиесілі болуы да осы үрдісті нақтылай түседі.
    Инвестициялық белсенділік 2025 жылдың басты жетістіктерінің бірі болды. Облыс экономикасына 1,35 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, 2024 жылмен салыстырғанда өсім 29 пайызға жуықтады. Бұл көрсеткіш инвесторлардың аймаққа деген сенімі нығайып келе жатқанын аңғартады. Инвестиция көлемінің ұлғаюына облыста индустриялық аймақтар желісінің кеңеюі, логистикалық инфрақұрылымның дамуы және әкімшілік рәсімдерді жеңілдету себеп болғанын айта кеткен жөн. Ауыл шаруашылығы саласы да 2025 жылы тұрақты даму бағытынан айныған жоқ. Бұл саладағы жалпы өнім көлемі 798 млрд теңгеден асып, нақты көлем индексі 102 пайызды құрады. Мемлекеттің қолдауы мен фермерлердің өзара тиімді жұмыс істеуінің нәтижесінде бір теңге субсидияға 17 теңгенің өнімі өндіріліп, Алматы облысы бұл көрсеткіш бойынша былтыр республикада алдыңғы орындардан көрінді. Суармалы жерлерді жаңғыртуға бағытталған ірі жобалар алдағы жылдары агросектордың әлеуетін одан әрі арттыра түседі деген үміт бар.
    Экономикалық өсіммен қатар әлеуметтік саладағы өзгерістер де назар аударуға тұрарлық. Өткен жылы өңірде 72 мыңнан астам жаңа жұмыс орны пайда болды, оның басым бөлігі тұрақты. Жұмыс орындарының ашылуы өз кезегінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының үш есеге қысқаруына тікелей әсер етті. Тұрғын үй құрылысы 18 пайыздан астам өсіп, бір миллион шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді. Шалғай ауылдарда кейінгі он жылдықтарда болмаған мемлекеттік тұрғын үй жобалары іске аса бастады.


    Инфрақұрылымның жаңғыруы да аймақ дамуының тағы бір тірегіне айналды. Ауызсумен қамту деңгейі 99 пайызға жуықтады, газ құбырын тарту, жол жөндеу және электр желілерін жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Туризм саласында да серпін бар. Облысқа келген туристер саны 2,2 млн адамға жетіп, бір жылда 36 пайызға артты. Қапшағай су қоймасы маңындағы демалыс аймақтары мен тау туризмі нысандары аймақ экономикасының жаңа табыс көздерін қалыптастыруда. Осы тұрғыда бүгінгі Қонаев қаласы Алматы облысының экономикалық дамуының басты нүктесі ретінде ерекшеленіп отыр. Бұрынғы Қапшағайдың орнына жаңа мазмұнда қайта түрленіп келе жатқан қала бүгінде өндіріс, туризм және қызмет көрсету салалары тоғысқан стратегиялық орталыққа айналып келеді. Бұл сөзімізге жуырда Қонаевта құны 30 млрд теңгеден асатын, 300-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтитын жаңа өндіріс орнының іске қосылуы дәлел бола алады. Сонымен қатар, Қонаевта болашаққа бағытталған тағы бір ірі бастаманың іргетасы қалануда. Ірі инвестор Soliko Group компаниясы жылына 200 мың тоннаға дейін сүт өнімін өндіретін қуаты бар заманауи зауыт салуды жоспарлап отыр. Құны 33,1 млрд теңгені құрайтын бұл жоба да жеке инвестиция есебінен жүзеге аспақ. Жоба толық іске қосылса, өңірдің агроөңдеу саласы жаңа деңгейге көтеріліп, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы байланыс күшейе түспек.


    2025 жыл ауқымды мәдени-рухани серпінімен де айшықталды. Жыл ішінде қалада 150-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтардың жоғары бағасына ие болды. Мерекелер аясында өткізілген бірқатар ерекше форматтағы жобалар Қонаевтың аймақтың мәдени орталығы ретінде қалыптасуына ықпал етті. Мемлекеттік рәміздер күні ұйымдастырылған флайборд-шоу, Республика күні өткен дрон-шоу, Конституция күні 55 метрлік Ту тұғыры нысанының пайдалануға берілуі қала көркін жаңа мазмұнмен толықтыра түсті. Ал Жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік концерт пен Coca-Cola керуенінің Қонаевқа алғаш рет келуі тұрғындар үшін есте қаларлық оқиғаға айналды. Жаз мезгілінде апта сайын өткен «Aspan fest» фестивалі жастарды, шығармашылық қауымды және туристерді бір алаңға тоғыстырып, қаланың мәдени өмірін жандандыра түсті. Бұл бастама Қонаевтың тек өндірістік немесе әкімшілік орталық қана емес, мәдени демалыс қаласы ретінде де қалыптасып келе жатқанын көрсетті.
    Сөзімізді түйіндесек, өткен жыл Алматы облысы үшін табысты, тұрақты даму жылы болды. Экономикалық өсім әлеуметтік көрсеткіштермен үйлесіп, Қонаев пен жаңа құрылып жатқан Алатау қалалары аймақтың ұзақмерзімді даму стратегиясын айқындап берді. Ендігі міндет – осы қарқынды сақтай отырып, тұрақты жұмыс орнын көбейту, халықтың өмір сүру деңгейін одан ары көтеру. Өңірдің бүгінгі динамикасы бұл мақсаттың қолжетімді екенін көрсетіп отыр.

    Айбек БЕЙСЕБАЕВ

    Ұсынымдар

    Мұқағалитанудың қайнар көзі

    Мұқағалитанудың қайнар көзі

    2 weeks ago
    Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі

    Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі

    9 months ago
    Аймақ әлеуеті жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

    Аймақ әлеуеті жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

    2 months ago
    Импорттан өндіріске: халықаралық корпорациялар бизнесін Қазақстанда локализациялауда

    Импорттан өндіріске: халықаралық корпорациялар бизнесін Қазақстанда локализациялауда

    3 weeks ago
    Күрделі жөндеуді қажет етеді

    Күрделі жөндеуді қажет етеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>