Астанада өткен Конституциялық комиссияның үшінші отырысында «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен Тәртіп» қағидаттарына басымдық бере отырып қоғамды жаңарту, сондай-ақ отбасы құндылықтарын қорғауды күшейту жөніндегі тақырыптар басты назарға алынды.
Қоғамның тыныштығы мен дамуы ең алдымен заң мен тәртіпке байланысты. Заң – мемлекеттің қабылдаған, барлық азамат орындауға міндетті ережелер жүйесі. Ал тәртіп – сол заңдардың бұлжытпай орындалуы және әрбір адамның мінез-құлқының қоғам талабына сай болуы шарт. Ал қоғамдағы отбасындағы құндылықтар еліміздегі өзекті мәселеге айналды. Қоғамды дамытып, оны ары қарай ілгерілету – отбасынан бастау алады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «әр отбасы – еліміздің әл-ауқаты мен гүлденуінің негізі, сондықтан мемлекет отбасы институтына қолдау көрсетіп, оны жан-жақты жүргізетінін» айрықша атап өткен болатын. Осының өзі мемлекетіміздің отбасы құндылықтары мен институттарына терең мән беретінін көрсетеді. Ал жаңа Конституцияда отбасы мен неке ұғымдарын күшейтіп, тек қана ер мен әйелдің арасындағы тең, еркін және өзара жауапкершілікке негізделген құндылық ретінде нақты бекіту керек екені талқылынып жатыр. Әрине бұл – Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру стратегиясын іске асыру жолындағы түбегейлі қадам саналады.
Асыл БАЙТУЛАҚОВ,
«Аманат» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы
жанындағы партиялық бақылау коммисиясының төрағасы





