☀️
9°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Отбасы – мемлекеттің тірегі

    24.01.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қоғам, Лебіз, Саясат
    Отбасы – мемлекеттің тірегі
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Конституциялық реформаға қатысты алғашқы комиссия отырысының тікелей әфирде көрсетілуі – қоғамдағы ашықтық пен пен жариялылықты қамтамасыз ететін маңызды қадам болды. Бұл бастама ел тағдырына байланысты шешімдерге әр азаматтың бейжай қарамауына мүмкіндік берді деп ойлаймын. Отырыс барысында айтылған әрбір ұсынысты мұқият тыңдап, зерделеп отырдық. Өйткені Конституция – еліміздің негізгі төлқұжаты, мемлекеттігіміздің берік іргетасы.

    Комиссия отырысында бірқатар маңызды ұсыныстар ортаға салынды. Соның ішінде Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың отбасы мен неке институтын күшейтуге қатысты айтқан пікірі қоғамда кең қолдау тапты деп айтуға болады. Халық қалаулысы әке мен ананың бала тәрбиесіндегі рөлін заңдық тұрғыда нақты айқындайтын уақыттың жеткенін орынды көтерді. Бұл мәселе бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарының бірі екені жасырын емес.

    «Отан отбасынан басталады» деген ұлағатты сөз бекер айтылмаған. Отбасы – қоғамның алтын діңгегі, ал ата-ана – сол шаңырақтың тірегі. Бүгінгі қоғамда отбасы құндылықтарының әлсіреуі, ажырасудың белең алуы, бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктің босаңсуы бәрімізді алаңдатады. Мұндай жағдайда отбасы институтын нығайту мемлекет деңгейінде қолға алынуы тиіс маңызды міндет деп санаймыз.

    Сондықтан Конституциялық реформа аясында отбасы мен неке мәселесіне басымдық берілуі – уақыт талабы. Аналар кеңесі бұл бағыттағы игі ұсыныстарды қолдайды және ел болашағы үшін жасалып жатқан әрбір оң өзгерістен үміт күтеді.

    Гүлнар Жошыбаева,

    Алматы облыстық Аналар кеңесінің төрағасы

    Соңғы жаңалықтар

    Әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
    27.03.2026
    Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді
    27.03.2026
    Баспанамен қамтылды
    27.03.2026
    Қарадаладағы той
    27.03.2026
    Бұлақ көрсең, көзін аш!
    27.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>