⛅
19°C
Қонаев
Сейсенбі, Наурыз 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Отбасы – шағын мемлекет

    29.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Лебіз, Саясат
    Отбасы – шағын мемлекет
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қызылорда қаласында өткен Құрылтайдағы сөзінен кейін елімізде Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер жайы кеңінен талқыға түсіп кетті. Әсіресе Конституциялық комиссия өз жұмысын белсенді жүргізіп отыр. Аталмыш комиссияның кезекті отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясының мүшелеріне Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды.

    Ата Заң – еліміздің басты бағдары, халқымыздың тәуелсіз, зайырлы, бейбіт қоғамда өмір сүруі үшін қажетті басты құнды құжатымыз. Әрине, еліміздің бір орында тұрақтап қалмасы үшін, дамыған елдермен иық тірестіре бірге дамуы үшін Ата Заңымызға да тиісінше өзгерістер керек-ақ.

    Конституциялық комиссияның бүгінгі отырысынан Ата Заңымыздағы түзетулер мәтіннің 84 пайызын қамтитынынан хабардар болдық. Демек, Конституция түбегейлі өзгереді деген сөз. Бір қуанарлығы, бұл құжат ел азаматтарынан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және сарапшылардан түскен ұсыныстар негізінде әзірленген. Бұл мемлекетіміздің ашық қоғамға, демократиялы мемлекетке, әділетті Қазақстанға айнала бастағанының басты дәлелі деп білеміз.

    77 бапқа енгізілген түзетулер арасында мемлекет пен діннің өзара ықпалдастығы, неке мен отабсы құндылығын реттейтін нормалар, сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндігі құқығына жаңаша мән-мағына берілгенін аңғардық. Иә, мұның бәрі де – ел дамуы үшін қажетті қағидаттар. Әсіресе неке мен отбасы ұғымы қазақ қоғамында басты құндылық саналған. Ал қазіргі заманда бұл құндылық өз құнын жойғандай. Отбасы мемлекеттің басты күші. Демек, отбасы мығым болса мемлекет те мығым. Сондықтан Ата Заңымызда неке және отбасының ерекше аталуы орынды.

    Тағы бір қуанарлығы Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, Ата Заңымызда тілдік нормалар мен мемлекетік тіл мен орыс тіліндегі мағына қайшылықтарының орын алмауы үшін арнайы білікті мамандар тобы жұмыс атқарып жатыр екен. Ендеше жаңаша мазмұндағы Ата Заңымыз еліміздің елдігін, халқымыздың бірлігін айқындайтын құнды құжат болады деп сенеміз.

    Нұрсұлтан Болатұлы,

    «Amanat» партиясы Ұйғыр аудандық филиалы төрағасы

    Соңғы жаңалықтар

    Даулы миллиард: Алматы облысында субсидиядағы түйткіл шешіліп, шаруа қожалығына төленді
    31.03.2026
    Қонаевтағы мектепті күрделі жөндеу қашан аяқталады?
    31.03.2026
    Шаруалар еңбегі еселенді
    30.03.2026
    Визит орталығы ашылды
    30.03.2026
    Басты мақсат – ашықтықты қамтамасыз ету
    30.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>