🌫️
-2°C
Қонаев
Сенбі, Ақпан 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өзіңнен баста!

    31.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Өзіңнен баста!
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

        Бақанастағы Мәдениет үйінде Балқаш аудандық прокуратурасының бастамасымен «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында жоғары сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Тәртіпті өзіңнен баста» атты іс-шара өтті.

    Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген құрметті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Данияр Нұрманов, аудандық полиция бөлімінің ардагері Бауыржан Асанов, аудан прокуратурасының прокуроры Нұрсұлтан Нұрмұхаметов, аудандық полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Қайнар Раушанов, тұрмыстық отбасылық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция капитаны Махаббат Әбдікерімова және аудандық білім бөлімінің әдіскері Мария Сабирова қатысты.
    Кездесуді аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Данияр Болатұлы жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде 2025 жылы аудан көлемінде бірқатар заңбұзушылық тіркелгенін атап өтіп, заң талаптарын бұзған азаматтарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша хаттамалар толтырылғанын жеткізді. Сонымен қатар күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, сала мамандарына сөз кезегін ұсынды.
    Құқық қорғау саласының өкілдері аудан көлемінде заң мен тәртіпті сақтау мәселесінің әрдайым өзекті екенін атап өтті. Олар жастарға қоғамның тұрақтылығы мен тыныштығын қамтамасыз етудегі заңның рөлі мен маңызы туралы жан-жақты мағлұмат беріп, құқықтық нормалар мен заң талаптарын қарапайым тілмен түсіндірді. Спикерлер әрбір азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін сезінуі маңызды екенін жеткізді.
    Кездесу барысында жасөспірімдер де белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды әрі нақты жауаптар алды. Бұл өз кезегінде жастардың құқықтық тақырыпқа қызығушылығын арттырып, олардың санасында заңға деген құрметтің қалыптасуына оң әсерін тигізді.
    Кез келген қоғамның тұрақтылығы мен елдің іргесінің берік болуы ең алдымен заңның үстемдігіне тікелей байланысты. Әділет салтанат құрған жерде ғана сенім нығаяды. Ал сенімі мықты елдің келешегі де кемел болмақ. Осы тұрғыда жас ұрпақтың құқықтық сауатын көтеру, олардың бойына заңға құрмет сезімін сіңіру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Жастардың заң талаптарын терең түсініп, оны іс жүзінде орындауға атсалысуы қоғам дамуына да тың серпін беретіні анық.
    Мұндай жиындар жасөспірімдердің тәртіпке бағынуын, жауапкершілікпен әрекет етуін және болашақта саналы азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететіні сөзсіз.

    Бақтығали ДӘУІТБАЙ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Коммуналдық сектор жаңғырады

    Коммуналдық сектор жаңғырады

    5 months ago
    Жанболат Аупбаев: Журналиске тән қасиет – жанкештілік

    Жанболат Аупбаев: Журналиске тән қасиет – жанкештілік

    1 year ago
    Емханаға тіркелу тәртібін білесіз бе?

    Емханаға тіркелу тәртібін білесіз бе?

    2 years ago
    Кәсіпкерлер құқығы қорғалады

    Кәсіпкерлер құқығы қорғалады

    1 year ago
    Премьер-министр Қонаев және Алатау қалаларын дамыту жоспарымен танысты

    Премьер-министр Қонаев және Алатау қалаларын дамыту жоспарымен танысты

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>