⛅
23°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Сәнияның сәтті қадамы

    31.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Сәнияның сәтті қадамы
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

        Әйел заты табиғатынан табанды, еңбекқор болып келеді. Кейде олардың өжеттігін көріп, таңырқайсың. Осындай өжет қыздардың бірі – жерлесіміз Сәния Сұлтанғали. Ол өткен жылы Бахрейннің Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында еркін күрестен күміс медаль иегері атанды.

    Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылында дүниеге келген Сәния Сұлтанғали бала жастан еркін күрес алаңында шыңдалып келеді. Оның жеке бапкері, Қазақстан Республикасының спорт шебері Дәулет Нұрғожаның айтуынша, Сәния былтыр Испания мен Түркияда өткен халықаралық жарыстарда топ жарған. Ал жасөспірімдер арасында төрт жылда бір өтетін, Азия елдерінің кіл мықтылары бақ сынайтын құрлықтық додада екінші орын алған. Дәулет Бауыржанұлы жас шәкіртін еліміздің қыздардан жасақталған жасөспірімдер құрамасындағы көшбасшыларының бірі деп санайды. Өйткені спортшының қазіргі әлеуеті жоғары деңгейде.
    «Сәния Сұлтанғалидың күрес стилі физикалық күш пен тактикалық дайын­дықтың үйлесімінен тұрады, бұл оған жоғары деңгейде күресуге мүмкіндік береді. Бозкілемде қарсыласының іс-әрекетін алдын ала біле отырып, өзі жасайтын әдіс-тәсілді қарастырып, барынша тәуекелге жол бермеуге тырысады. Меніңше, Сәния болашақта әлем және Олимпиада ойындарында жүлде алады», – дейді Дәулет Нұрғожа.
    Қазір Сәния Алматы қаласындағы №6 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде тәлім алып жүр. Жасөспірім балуан жаңа ұрпақ спортшыларының жарқын өкілі ретінде ел намысын қорғап келеді. Табандылық, дарындылық пен жеңіске деген құштарлық оған қиын жолда көмектесері сөзсіз. Алда көптеген сынақ күтіп тұр, бірақ ол өз әлеуетін дәлелдеу үшін оларды еңсеру жолында еңбек етуде.

    Өз тілшіміз

    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
    13.04.2026
    Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді
    13.04.2026
    Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
    13.04.2026
    Әуе толқынында – 60 жыл!
    12.04.2026
    Бүгін – Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні әрі Қаныш Сәтбаевтың туған күні
    12.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>