[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    САПАЛЫ АУЫЗСУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

    13.01.2026
    in Барлық жаңалықтар
    САПАЛЫ АУЫЗСУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          «AMANAT» партиясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттары Максим Рожин мен Данияр Қасқарауов Талғар ауданында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Партияның аудандық филиалы кеңсесінде қоғамдық қабылдау өткізді.
    Астаналық меймандар ең алдымен аудан орталығының тұрғындары үшін аса маңызды магистральды су құбырының құрылысын аралап көрді. Талғар қаласының жоғарғы бөлігінде, Абай көшесінің бойында салынып жатқан бұл нысанның құрылысы 2022 жылы басталған. Депутаттар селден қорғау бөгетінен №2 алаңға дейін тартылатын су құбырының жай-күйімен жан-жақты танысып, құрылысқа жауапты бейінді қызметтердің ақпаратын тыңдады.
    Құрылысты жүргізіп жатқан «Толағай-2050» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілі, учаске басшысы Бақтияр Сарыбаевтың айтуынша, нысанның құрылысы төрт жыл бұрын басталғанымен, әлі аяқталмаған. Бөлін­ген қаржының тең жартысы ғана берілгенімен, бүгінгі күнге құрылыс жұмыстарының 65%-ы орындалып, ұзындығы 450 метр магистральдық құбырлар төселген. Әйтсе де, уақытылы және толық қаржыландырудың болмауынан өңір тұрғындарының тіршілігі үшін аса маңызды нысан аяқталмаған күйінде қалып отыр. Бұл қаланы сумен қамту жүйесіне тікелей әсер етеді, оның жүктемесі жыл сайын артып келеді, әсіресе жазда қатты сезіледі. Бұл су құбыры Талғар қаласы ғана емес, оған жақын орналасқан Кеңдала ауылдық округінің Ақдала кентінің халқын да сапалы ауызсумен қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі кезде мұнда жалпы көлемі 4300 текше метр болатын үш резервуар 35-40 мың тұрғынға тіршілік нәрін жеткізіп тұр. Бұл тұрғындар саны жыл сайын өсіп келе жатқан аудан орталығы үшін әсіресе жазғы кезеңде тым жеткіліксіз.
    Егер жаңа жүйе толық іске қосылса, тұрғындарды ауызсумен қамту көлемі тәулігіне тағы да 7600 текше метрге ұлғаяды. Ол үшін әрқайсысының көлемі 1900 текше метрді құрайтын төрт жаңа резервуар іске қосылады. Бұл сумен қамтудың сенімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында жаңағы төрт резервуар салынғанымен, қаржылан­дырудың жеткіліксіздігінен судың сапасын бақылау зертханасы осы уақытқа дейін аяқталмаған, сәйкесінше онда орнатылуы тиіс негізгі құрал-жабдықтар да әлі күнге жоқ.
    Бұл іске алаңдаған аудан ақсақалдары мен жергілікті қоғамдастық мүшелері, қала тұрғындары халық қалаулыларына жылдың ыстық мезгілінде су қысымы­ның күрт төмендейтіні, көпқабатты үйлердің, әсіресе тоғыз қабатты үйлердің жоғарғы қабаттарына жетпейтіні, ал бірқатар аудандарда тек белгілі бір сағаттарда ғана беріле­тіні туралы уәждерін жеткізді. Ал Кеңдала және Ақдала ауылдарының саяжайларында жағдай бұдан да ауыр. Өйткені қала да, оның маңайындағы ауылдар да жыл сайын өсіп, тұрғындар саны күрт артып келеді, ал сумен қамту жүйесі бұрынғысынша қалып отыр.
    «Алатау Паблик» ЖШС дирек­торының орынбасары Александр Мұсабеков мүмкіндікті пайдалана отырып, депутаттарға салынып жатқан су құбырынан бөлек, 1962 жылдан бері жөнделмеген желілердің тозуына назар аудару қажеттігін атап өтті. Атқарылған жұмысты өз көздерімен көріп, құрылысқа жауапты мекеме басшылары мен өкілдерінің, қала тұрғындарының ұсыныс-тілектерін мұқият тыңдап, құрылыстың кешігу себептерін, не жетіспейтінін, не істеу қажеттігін мейлінше айқындап алған соң Мәжіліс депутаттары осы мәселеге қатысты өз пікірлерін білдірді.
    «AMANAT» партиясы фракция­сының мүшесі Максим Рожиннің айтуынша, бұл нысан өте маңызды, ал ауызсумен қамтамасыз ету – басты мәселе.
    – Мемлекет басшысы елдімекендерді ауызсумен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп отыр. Ал Талғарда бұл әлі де өткір мәселе күйінде қалуда. Аталған нысан қаланы сумен жабдықтау жүйесінің негізгі элементі болып саналады. Нысан пайдалануға берілген жағдайда тозған желілерге жүктеме төмендеп, ал су беру тұрақты және жеткілікті болуы тиіс. Алайда құрылыс ұзаққа созылғандықтан, Талғар бұрын­ғысынша ескі инфрақұрылымды пайдалануға мәжбүр. Жоба төрт жыл бұрын басталған, алайда толық қаржыландырылмағандықтан оны іске асыру мүмкін болмай тұр. Жобаның жалпы құны – 4,6 млрд теңге, құрылысты толық аяқтау үшін тағы 1,7 млрд теңге қажет, ол әлі күнге дейін бюджеттен бөлінбеген. Бұл қаражат суды хлорлауға арналған жабдықтарды, зертханалық аспаптарды және негізгі технологиялық қондырғыларды сатып алу үшін қажет. Нысанды аяқтау 2026 жылдың шілдесіне жоспарланған, алайда бұл мерзімді сақтау үшін негізгі материалдар мен жабдықтарды қазір алу қажет. Олай болмаған жағдайда жоба қайтадан қымбаттап, оны іске асыру мерзімі созылуы мүмкін. Сондықтан да біз жетіспейтін қаражатты облыстық бюджеттен дереу бөлу мәселесін көтере­тін боламыз, – деді Максим Рожин.
    Одан соң Мәжіліс депутаттары қала орталығында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы №2 орта мектепке келді. Бұл – бұдан 90 жыл бұрын қабырғасы қаланған Талғардағы ең алғашқы және бірқатар танымал тұлғалар түлеп ұшқан білім ұясы. Оқу ошағы 30 жыл бойы жөнделмегендіктен, былтыр оны толық жөндеуге 2 млрд 030 млн теңге бөлу туралы шешім қабылданып, қазір мұнда құрылыс жұмысы кестеге сай жүріп жатыр. Бүгінге дейін жұмыстың шамамен 30%-ы орындалған. Депутаттар мектепті мұқият қарап шығып, мердігерлерге бірқатар ескертулер жасады. Прораб Еркін Ниетбаевтың айтуынша, құрылыс жұмысы қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс.
    Жұмыс сапары аясында мәжіліс­мендер «АМАNАТ» партиясы Талғар аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Онда азаматтар тарапынан тұрғын үймен қамту, күнкөрісі төмен отбасыларды мемлекеттік қолдау сынды мәселелер көтерілді.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

     

    Ұсынымдар

    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    11 months ago
    Әке тәрбиесі – үлкен мектеп

    Әке тәрбиесі – үлкен мектеп

    3 months ago
    Ел болашағы үшін маңызды шешім

    Ел болашағы үшін маңызды шешім

    1 year ago
    Бала Ихсанның ерлігі

    Бала Ихсанның ерлігі

    2 years ago
    Тұрғындарды толғандырар мәселе көп

    Тұрғындарды толғандырар мәселе көп

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>