Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төртінші отырысы өтіп, онда Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясының мүшелеріне Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды.
Конституциялық сот төрағасы орынбасарының айтуынша, жаңартылған Конституция жобасына жаңа екі бөлім енгізілген, тағы төрт бөлімнің атауы өзгерген. Мамандар Конституцияның нормаларын дұрыс жазу, мағыналық сәйкессіздіктер мен қарама-қайшылықтарды, сондай-ақ түсініксіздіктерді болдырмау бойынша үлкен жұмыс атқарған.
Түзетулер Ата Заң мәтінінің 84 пайызын қамтиды. Құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және сарапшылардан түскен барлық ұсыныстар негізінде әзірленуде. Демек, бұл құжаттың саяси салмағы да зор болмақ.
Айнұр Амиреева,
«Қарғалы ауылының №1 орта мектебі» КММ музыка пәні мұғалімі
Жамбыл ауданы,
Алматы облысы




