⛅
-5°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сенатор Бекназаров конституциялық реформа азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз ететінін айтты

    30.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Саясат
    Сенатор Бекназаров конституциялық реформа азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз ететінін айтты
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    ҚР Конституциясының жаңартылған баптары азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бұл туралы Сенатор Нұрлан Бекназаров Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысы барысында мәлімдеді.

    Сенатор Конституциялық құрылыстың негіздеріне, Құрылтай мен Халық Кеңесінің қызметіне байланысты мәселелерге тоқталды.

    «ҚР жаңа Конституциясы жобасының 52-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Құрылтайы заңнамалық билікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органы болып табылады. Құрылтайдың өкілеттіктері, қызмет тәртібі, депутаттардың құқықтық жағдайы Конституциялық заңмен айқындалады. Бір палаталы Парламентке көшу шеңберінде заң шығарушы органның өкілеттіктері жете қайта қаралып, Құрылтайға қатысты кең ауқымды түзетулер жобасына өкілеттіктерді кеңейту және тежемелер мен теңестірмелер жүйесін күшейту енгізілді. Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау кепілдіктерін кеңейтуді қамтамасыз етеді», – деп айтты Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі.

    Сондай-ақ ол Әділетті Қазақстанды саяси жаңғырту және қалыптастыру бағыты саяси жүйені жаңартудың, парламенттік бақылауды күшейтудің және заңнаманың сапасын арттырудың тиімді тетігі болатынын атап өтті.

    «Ұсынылған нормалар Құрылтайдың жедел, түсінікті және қоғам үшін ашық заң шығару процесі болуына ықпал етеді. Конституциялық қағидаттарды нығайту, сондай-ақ билік пен қоғам арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынас дәстүрлерін одан әрі нығайту үшін жаңа институт – Қазақстан Халық кеңесін құру ұсынылды. Халық кеңесін құру мәртебесі мен тәртібі Конституцияның жекелеген бөлігінде және арнайы Конституциялық заңда бекітіледі. Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар елдің конституциялық құндылықтары мен оның қағидаттарын құнды мазмұнмен толықтырып, елдің жаңа тарихи кезеңге өтуіне негіз болатыны сөзсіз», – деп түйіндеді Бекназаров.

    Ұсынымдар

    Жас сарбаздар ант қабылдады

    Жас сарбаздар ант қабылдады

    1 year ago
    Кезбе иттермен күрес

    Кезбе иттермен күрес

    12 months ago
    Қоқыс өңдеу зауыты салынады

    Қоқыс өңдеу зауыты салынады

    2 years ago
    Газет – тарих тамыршысы

    Газет – тарих тамыршысы

    1 year ago
    Қылқаламнан қуат алған

    Қылқаламнан қуат алған

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>