⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    06.01.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Парламент
    ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

           Еңбекшіқазақ ауданына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев, Закиржан Кузиев пен Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан іссапармен келді. Өңірлерді аралап, халықтың тыныс-тіршілігін көзбен көріп, елдің айтарын тыңдауға ат басын арнайы бұрған депутаттар Саймасай ауылындағы «Айдарбаев» шаруа қожалығында болды. 

    Агросектор өңір экономикасының негізі екенін ескерсек, мұндағы әр шаруа облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып жатқаны белгілі. Өйткені ауыл шаруашылығы – экономиканың бірнеше бағытын қамтитын үлкен сала. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығынан, бау-бақшадан өнім алып, өндірісті жолға қойып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтып, сыртқа да экспорттап, жергілікті жердің азаматтарына тұрақты және маусымдық жұмыс орындарын ұсынып отырған шаруа қожалықтары бар. Олардың бірі – «Айдарбаев» шаруа қожалығы. Аталған шаруа қожалығы мал шаруашылығы, бау-бақша, өсімдік шаруашылығы, балық шаруашылығын қатар алып, оларды өңірде дамытуға барынша үлес қосып келеді. Сондай-ақ мал шаруашылығы мен балық шаруашылығына арналған түйіршіктелген құрама жем дайындауды да қолға алған. 2024 жылдың қазан айында басталған құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінде нысан жұмысқа толық дайын. Қазіргі уақытта құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жобаның құны – 500 млн теңге. Сағатына 3500 тонна өнім дайындауға қауқарлы.

    Бұл экономикадан бөлек, азық-түлік қауіпсіздігі сынды үлкен мәселенің оң шешімін табуына да жасалған қадам. Осы орайда азық-түлік қауіпсіздігі туралы сөз қозғағанда көп жағдайда қауіпсіз, әрі құнарлы тамақ баршаға қолжетімді болуы, азық-түлік өнімдерінің денсаулыққа зиянды қоспалардан таза болуы жайында жар саламыз. Ал етін асып жеп жатқан қой, сиырдың қайда немен қоректенетінінен бейхабармыз. Етке сойылып жатқан төрт түлік баяғыдай жайлауда көк майсада жайылып жатпағаны баршаға аян. Балық қандай судан ауланды, тауық пен қаз, үйрек немен семіріп жатыр? Бұл жағы беймәлім. Осы мәселе тұрғысынан қарасақ, төрт түлік, құс пен балыққа беретін азықтың елімізде дайындалуы маңызды. Өйткені әлі күнге дейін отандық өнідіріс ішкі нарықты толық қамти алмайды, әрі жемнің импорттық үлесі әлдеқайда көп. Ал сырттан келетін өнімнің құрамы қағазда жазылғандай талапқа сай ма?

    Бұл сұрақ «Айдарбаев» шаруа қожалығындағы кездесу барысында шаруалар мен депутаттардың да аузынан шықты. Осы орайда сенатор Закиржан Кузиев: «Түйіршіктелген құрама жем дайындау ісіне ғалымдарды да жұмылдырып, арнайы зертханада сапалы өнім дайындауды қолға алу қажет. Шаруалар арасында импорттық өнім емес, отандық өнімге деген сенім мен сұранысты арттыру маңызды», – деді. Сенатордың сөзін құптаған Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы қаңтар айынан қалдырмай, ғалымдар мен шаруалардың басын қосып, аталған мәселе турасында жиын өтетінін және соның нәтижесіне сай депутаттарға ұсыныс беретінін жеткізді.

    «Қолға алған бастама аяқсыз қалмай, жұмыс жүйеленсе, өндірістің болашағына сенім білдірген жұмысшылардың да ісі өнімді болар еді», – деген «Айдарбаев» шаруа қожалығының жетекшісі Ерік Серікұлы қожалығындағы балық шаруашылығының да жай-күйімен таныстырды. Соңғы жылдары өңірде қарқын алып келе жатқан балық шаруашылығын атқамінерлер жоғары бағалады. Сондай-ақ былтыр жазда ғана қабылданған «Аквашаруашылық туралы» жаңа заңды да тілге тиек етіп, балық өнімдерінің өндірісін арттыруды, аквашаруашылық субъектілерінің құқықтарын қорғауды көздейтін аталған заңмен толық танысып алу да балық шаруашылығын кәсіп қылған азаматтар үшін маңызды екенін атап өтті.

    Өндірістерді аралағаннан кейін депутаттар мен шаруалар және «Айдарбаев» шаруа қожалығының жұмыскерлері дөңгелек үстел басына жиналып, пікір алмасты. Астанадан арнайы келген Сенат пен Мәжіліс депутаттары шаруалар мен кәсіпкерлердің өндірісті ұлғайту, мемлекеттік қолдау, инфрақұрылым, нарыққа қатысты сұрақтарымен қатар, үй мен жер, әлеуметтік мәселерге қатысты да сауалдарына жауап берді.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Ұсынымдар

    Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы

    Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы

    5 months ago
    Қымбат ота МӘМС есебінен жасалды

    Қымбат ота МӘМС есебінен жасалды

    2 years ago
    Еңбек адамын қолдайды

    ӨРКЕНДЕУ НЕГІЗІ

    12 months ago
    Ерлік, төзімділік және рух қуаты

    Ерлік, төзімділік және рух қуаты

    4 months ago
    Тартысты сайыс

    Балуандар көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>