[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәртіп – тәрбие бастауы

    29.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Руханият
    Тәртіп – тәрбие бастауы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қоғамның дамуы мен елдің болашағы ең алдымен тәрбиеге байланысты. Ал тәрбиенің өзегі – тәртіп. Тәртіп бар жерде жауапкершілік қалыптасады, заңға құрмет артады, адам бойында азаматтық сана мен адамгершілік қасиеттер орнығады. Сондықтан да тәртіп пен тәрбие – бір-бірімен ажырамас ұғымдар. Елге үлгі болар азаматтардың өмір жолы – осы қағиданың айқын дәлелі. Тәртіпті өмірлік ұстанымына айналдырған, әділдігімен, заңға деген құрметімен көпке өнеге болған Абыхан Жексембековтің азаматтық болмысы – жас ұрпақ үшін үлкен тәрбие мектебі.

    Абыхан Аманбайұлы – Түрген ауылында қазақ орта мектебінің ашылуына тікелей мұрындық болған айтулы азамат. Ол үшін тәртіп – тек қызметтік талап емес, азаматтық жауапкершіліктің өлшемі. Осындай тұлғалардың өмірі мен еңбегі арқылы жастардың бойында елжандылық қасиет қалыптасады. Қазіргі қоғамда жас ұрпақты тәртіпке, заңды сыйлауға, Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу маңызды міндет болса, бұл бағытта Абыхан Жексембековтің есімімен аталатын білім ошағында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың орны ерекше.
    Абыхан Аманбайұлының туған күніне орай мектепте бірқатар тағылымды іс-шара және «Жас сарбаз» сыныбының ашылу рәсімі өтті. «Жас сарбаз» сыныбының ашылуы – оқушылардың Отан алдындағы азаматтық борышын терең сезінуіне, елін, жерін қорғауға дайын болуына ықпал ететін маңызды қадам. Сол арқылы оқушылардың алғашқы әскери дайындық негіздері қалыптасады. Саптық даярлық, дене шынықтыру, алғашқы медициналық көмек көрсету, азаматтық қорғаныс бағытында білім алады. Сонымен қатар «Тәртіп – тәрбие бастауы» тақырыбында сынып сағаттары, «Тәртіпке бағынған құл болмайды» атты танымдық әңгімелер, құқықтық бағыттағы дөңгелек үстелдер өткізілді. 5-11 сынып оқушылары арасында «Менің құқығым мен міндетім», «Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
    Ал бастауыш сыныптарда «Буллинг­тен қорған», «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік», «Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік» тақырыптарында тәрбиелік сабақтар жүргізілді. Бұл іс-шаралар оқушылардың тәртіпке бағынуын, өзара сыйластық пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталды.
    Даңқты қосбасшы Бауыржан Момышұлы айтқандай, тәртіпке бағынған құл болмайды. Тәртіп арқылы тәрбие қалыптасады, ал тәрбие арқылы елдің ертеңі айқындалады. Тәртіпті ту етіп, тәрбиені тірек еткен қоғамда отансүйгіш, білімді, жауапты ұрпақ өсіп шығады. Осындай ұрпақты қалыптастыру жолында Абыхан Жексембеков сынды азаматтардың өнегелі өмір жолы баршаға үлгі.
    Тәртіп – тәрбие бастауы, ал тәрбиелі ұрпақ – ел болашағының берік кепілі.

    Шара Қалықова,
    А.Жексембеков атындағы орта мектеп директоры
    Түрген ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Көрші ел көкжиегі

    Көрші ел көкжиегі

    1 year ago
    Қонаев қаласы әкімінің шыршасы өтті

    Қонаев қаласы әкімінің шыршасы өтті

    1 year ago
    Жаңарған филармония

    Жаңарған филармония

    2 years ago
    Партиялық тізімдер бойынша депутаттарды сайлауға көшу парламентаризмнің халықаралық тәжірибесін көрсетеді – «Ақ жол» партиясының көшбасшысы

    Партиялық тізімдер бойынша депутаттарды сайлауға көшу парламентаризмнің халықаралық тәжірибесін көрсетеді – «Ақ жол» партиясының көшбасшысы

    4 days ago

    Жер бос жатпауы тиіс

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>