⛅
26°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Тұрғындар мәселе көтерді

    16.01.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Тұрғындар мәселе көтерді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Данияр Қасқарауов, Жанарбек Әшімжан және Максим Рожин тұрғындарды қабылдады. «АМАNАТ» партиясының жеке қоғамдық қабылдауы аясында аудандық кітапханада өткен шарада жамбылдықтар көкейдегі сұрақтарын жеткізді.

    Аудан орталығымен қоса алыс-жақын ауылдардан арнайы келген тұрғындар негізінен көпшілікке ортақ мәселе көтерді. Мәселен, Дүйсенәлі Еңкелешов мал шаруашылығы саласына бөлінетін мемлекеттік субсидияларды қайта қарастырудың қажеттігін қозғады. Ал Бозой ауылының тұрғыны Айымбек Мәсімханов егін шаруашылығындағы судың жетіспеушілігі жайын алға тартты. Мәтібұлақ ауылынан келген Ерік Еркімбайұлы «Ақтерек – Отар» бағыты бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолының техникалық жағдайының нашарлығы ауыл тұрғындарының қатынауына қиындық туғызып отырғанын жеткізді. Үңгіртас ауылынан жүгінген Бейбіт Есімбеков ауылға спорт кешенін салуды ұсынды. Сол сияқты Сәуле Ағыбаева Қасымбек ауылында халық саны 4 мыңға жуық болғанымен, осы күнге дейін ФАП немесе амбулатория салынбағанын алға тартты. Қазіргі медициналық қосын жалдамалы ғимаратта орналасқанын және онда толыққанды қызмет көрсетуге қажетті жағдай жоқтығын айтты. Еңбек ардагері Бейсенбек Смағұлов Қастек ауылының ауызсу жүйесі мен орта мектебінің қосалқы ғимаратының құрылыс жұмыстары 3 жылдан бері бітпей тұрғанына қынжылыс білдірді. Саят Медеуов Қызылсоқ ауылын газдандыру, Қарғалы ауылынан Жанкелді Аманкелдіұлы зейнетақымен қамсыздандыру, Анар Әміржанова Ұзынағаш ауылындағы «35 үй» деп аталатын ықшамауданнан жаңа мектеп салу, Ернар Алшынбаев Қарғалы ауылының ауызсу мәселесін шешу, Талап ауылдық округінің аналар кеңесінің төрағасы Сағадат Мүсірәлиева Қастек ауылының Өзен, Қараш батыр көшелерін асфальттау сияқты мәселемен жүгінді.
    Қоғамдық қабылдаудан соң Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан тілшілерге сұхбат берді.
    – Бұған дейін Алматы қала­сының маңайындағы халқы тығыз орналасқан Талғар, Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарын аралап, жұртшылықпен кездестік. Жалпы қай ауданда болсын әлеуметтік мәселелер ортақ. Менің қабылдауыма келген азаматтар негізінен жергілікті деңгейдегі жол, ауызсу, ФАП салу, білім беру мен кәсіпкерлікке қатысты өтініш айтты. Шешілуі аудан, облыс деңгейінде қаралып, егер республикалық бюджеттен немесе Үкіметтің алдына қоятын, болмаса заңнамалық тұрғыда қолдайтын тұстар болса, бұл мәселе Астанада қарастырылады, – деді халық қалаулысы.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Сенімге негізделген келісім
    03.04.2026
    Сенімге негізделген келісім
    03.04.2026
    Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру
    03.04.2026
    Жаңарған кітапхана
    02.04.2026
    Шаруалар өтініші ескеріледі
    02.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>