☀️
-2°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлтқа қызмет етудің биік өлшемі

    29.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Тарих
    Ұлтқа қызмет етудің биік өлшемі
    0
    SHARES
    29
    VIEWS

           ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Байтақ» жасылдар партиясының ұйымдастыруымен даңқты әскери қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағының берілуіне орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
    Халық батыры – Бауыржан Момышұлының тарихи тұлғасы мен рухани мұрасы арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеудің өзекті мәселелері» атты конференция жұмысына елімізге белгілі әскер және қоғам қайраткерлері, тарихшы ғалымдар, педагогтер, білімгерлер, БАҚ өкілдері қатыстты.
    2025 жылғы 25 желтоқсанда Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуде Мемлекет басшысы Бауыржан Момышұлының ерлігі мен тұлғасына арнайы тоқталып, оның есімі отаншылдық пен өшпес ерліктің мәңгілік символы екенін атап өтті. Президент өз сөзінде батырдың ерлігі аңыз емес, нақты архив құжаттарымен, соғысқа қатысқан замандастарының естеліктерімен дәлелденген тарихи шындық екенін ерекше айтты. Бұл – ел тарихындағы әділ әрі дана саяси шешім болды. «Бауыржан Момышұлы – әскери өнердің шебері ғана емес, қазақ халқының рухани дүниесін, ұлттық болмысын терең бойына сіңірген бірегей тұлға. Архив құжаттары ауылдан шыққан қарапайым қазақ баласының табандылықпен өсіп, адал қызметі мен жеке ерлігі арқылы елге танылғанын дәлелдейді. Оның өмір жолы мен рухани мұрасы бүгінгі қоғамға, әсіресе жастар тәрбиесіне ауадай қажет үлгі-өнеге. Шын мәнінде, Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағының берілуі – тек бір тұлғаны марапаттау емес, ұлттық тарихи сананы жаңғыртудың, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызды идеологиялық қадамы. Қоғамдық пікір, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі талқылаулар халықтың батырға деген шынайы құрметін, әділеттілікке деген сенімін айқын көрсетіп отыр. Конференцияның басты мақсаты – батырдың тарихи тұлғасы мен рухани мұрасы арқылы жастарды патриотизм мен азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеудің ғылыми, педагогикалық және әдістемелік негіздерін талқылау. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлының қолбасшылық феноменін жаңа архив деректері негізінде қайта зерделеп, оның әскери стратегиясы мен соғыс психологиясы ілімін білім беру жүйесінде қолдану аясын кеңейту», – деді конференцияның өтуіне мұрындық болған «Байтақ» жасылдар партиясы төрағасының орынбасары Жұмабек Бастаубаев.
    Іс-шара аясында Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа архив құжаттарынан дайындалған көрме көпшілік назарына ұсынылды. Конференция қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар қамтылған арнайы қарар қабылданып, тиісті мемлекеттік органдарға жолданды. Бауыржан Момышұлының ерлігі мен рухы – бүгінгі және келер ұрпақ үшін мәңгілік бағдар, ұлтқа қызмет етудің биік өлшемі болып қала бермек.

    Зарима Кожмамбетова

    Ұсынымдар

    Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

    Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

    5 months ago
    Жеңісті жақындатқан жауынгер

    Жеңісті жақындатқан жауынгер

    9 months ago
    «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

    «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

    7 months ago
    Әкім Шеңгелді ауылдық округінің әлеуметтік нысандарын аралады

    Әкім Шеңгелді ауылдық округінің әлеуметтік нысандарын аралады

    3 years ago
    Көк күмбез кімге көзтүрткі?

    Қажыға құрмет

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>