☀️
1°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлттық құрылтай – ел болашағына бағытталған ортақ жауапкершілік

    20.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Лебіз
    Ұлттық құрылтай – ел болашағына бағытталған ортақ жауапкершілік
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    Ұлттық құрылтайдың V отырысында көтерілген мәселелер еліміздің ұзақ мерзімді дамуына, ұлт болашағына тікелей әсер ететін аса маңызды бастамалар екені сөзсіз. Бұл жиында айтылған ой-пікірлер мен айқындалған міндеттер қоғамның барлық саласына, соның ішінде білім беру жүйесіне де нақты бағдар беріп отыр.

    Білім беру саласының өкілі, ұстаз ретінде Құрылтайда көтерілген бастамаларды толық қолдаймын. Әсіресе ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды сақтау, сапалы әрі қолжетімді білім беру, қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті күшейту мәселелерінің күн тәртібіне шығуы – бүгінгі заманның басты талабы. Себебі елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал олардың қандай тұлға болып қалыптасуы тікелей білім мен тәрбиеге байланысты.

    Құрылтайда белгіленген мақсаттар мен міндеттер білім беру ұйымдарының күнделікті қызметімен өзара үндес. Жас ұрпақты елжанды, саналы, ойы сергек, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – ұстаздар қауымының негізгі миссиясы. Осы орайда ұлттық құндылықтарды білім беру мазмұнына терең енгізу, оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына басымдық беру ерекше маңызға ие.

    Сонымен қатар Ұлттық құрылтайда көтерілген ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту мәселесі де білім ордаларынан бастау алуы тиіс. Мектеп пен жоғары оқу орындары тек білім беретін мекеме ғана емес, қоғамдағы татулық пен өзара құрметті қалыптастыратын маңызды орта.

    Ұлттық құрылтайдың V отырысында қабылданған шешімдер мен ұсыныстарды қолдай отырып, оларды іс жүзінде жүзеге асыру – әрбір азаматтың, әрбір сала өкілінің ортақ міндеті. Ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек еткенде ғана тұрақты даму мен жарқын болашаққа қол жеткізе аламыз.

    Билибаев Айбар Тұрарұлы,

    Алатау қаласы №2 орта мектеп директоры

    Ұсынымдар

    Қос ішектің құдіреті

    Қос ішектің құдіреті

    7 months ago
    Қазыналы қаламгер

    Қазыналы қаламгер

    2 years ago
    Швеция мен Қазақстан өнеркәсіптік әріптестікті нығайтуда: диалогтың өзегі инновациялар, инвестициялар және тұрақты даму

    Швеция мен Қазақстан өнеркәсіптік әріптестікті нығайтуда: диалогтың өзегі инновациялар, инвестициялар және тұрақты даму

    9 months ago
    Алматы облысында бірмандатты жүйемен сайланған мәслихат депутаттары анықталды

    Алматы облысында бірмандатты жүйемен сайланған мәслихат депутаттары анықталды

    3 years ago
    Тасқын болған аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары басталады

    Тасқын болған аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары басталады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>