☀️
1°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі – Динара Закиева

    30.01.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі – Динара Закиева
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасында отбасы мен бала құқығын қорғау нормалары сақталып қана қоймай, айтарлықтай күшейтілген. Сонымен қатар неке институтын нығайтуға, ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға және баланың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа ережелер енгізіліп отыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.

    Конституция жобасының 27-бабында қолданыстағы редакциядағыдай, неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында екені, ал балаларға қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті екені бекітілген.

    «Бұл нормалар декларативті тұрғыда емес, нақты қолданбалы сипатқа ие. Олар мемлекеттік саясаттың негізіне айналып, бала құқықтарын қорғау саласындағы күнделікті жұмысымызға арқау болып отыр. Балаларды қорғау мәселесінде шешім қабылдағанда немесе ұстанымымызды қорғағанда біз дәл осы Конституциядағы түбегейлі қағидаттарға сүйенеміз», – деді Динара Закиева.

    Комиссия мүшесінің айтуынша, конституциялық нормалар өмірде нақты көрініс табуда. Тек өткен жылдың өзінде мемлекет тарапынан 51 мыңнан астам оқиға кезінде қауіп-қатер дер кезінде анықталды. Алдын алу шаралары жүргізіліп, балалардың құқықтық қорғалуы қамтамасыз етілген.

    Балаларды қорғау тек дағдарыс жағдайларында әрекет етумен шектелмейді. Ол сондай-ақ балаларды әлеуметтік қолдауға, денсаулық сақтау, білім мен тәрбие беру ісіне, қауіпсіздігіне және отбасында өмір сүру құқығына кепілдік беруді қамтиды. Бұл үдерісте баланың әл-ауқатының негізгі тірегі ретінде отбасы мен ата-ананың жауапты қамқорлығына ерекше мән беріледі.

    Динара Закиева комиссияның алдыңғы отырыстарының бірінде Елнұр Бейсенбаевтың некені ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты, заңға сәйкес мемлекет тіркейтін одағы ретінде Конституцияда бекіту жөніндегі ұсынысын еске салды.

    «Бұл норма қазақстандық қоғамның құндылықтарына негізделген және тұрақты дамуға мүдделі кез келген мемлекет үшін объективті қажеттілік. Некені міндетті түрде мемлекеттік тіркеу туралы талап балалардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Мен бұл норманы қолдаймын», – деді ол.

    Сонымен қатар Конституция жобасында білім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекітетін жаңа нормаға да ерекше көңіл бөлінген.

    «Қазақстан Республикасының аумағындағы білім беру ұйымдарында оқу мен тәрбие беру жүйесі, діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, зайырлы сипатта болуы тиіс. Бұл балалардың білім алуға деген құқығын толық жүзеге асыруына жағдай жасайды», – деп түйіндеді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

    Ұсынымдар

    Борышын өтеп, білімгер болды

    Борышын өтеп, білімгер болды

    6 months ago
    Шаршы тақтадағы тартыс

    Шаршы тақтадағы тартыс

    10 months ago
    Үздіктер санатында

    Үздіктер санатында

    1 year ago
    Парасат биігінде

    Парасат биігінде

    3 months ago
    Ата  дәстүрден ажырамайық

    Ата дәстүрден ажырамайық

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>