Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты ел дамуының жаңа бағытын айқындаған маңызды саяси құжат болып табылады. Сұхбатта көтерілген бастамалар қоғамның бірлігін нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Президент атап өткендей, бүгінгі реформалардың басты өзегі – әділеттілік, қоғамдық келісім және халықпен тұрақты кері байланыс. Бұл қағидаттар ішкі саясат саласындағы жұмыстың негізгі бағыты болып табылады. Азаматтардың пікірін ескеру, ашық диалогты дамыту және қоғамдық институттардың рөлін күшейту – қазіргі кезеңнің басты талаптарының бірі.
Алатау қаласының құрылуы – еліміздегі жаңғыру үдерістерінің нақты көрінісі. Жаңа қалада қоғамдық тұрақтылықты сақтау, этносаралық келісімді нығайту және азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады. Бұл – Мемлекет басшысы ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жергілікті деңгейде іске асуы.
Бүгінде Алатау қаласында қоғамдық кеңестермен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен жүйелі өзара іс-қимыл жолға қойылып келеді. Мұндай жұмыстар қоғамдағы сенімді арттырып, тұрақты дамуға берік негіз қалыптастырады.
Қорытындылай келе, Мемлекет басшысының сұхбаты – Қазақстанның жаңғыру жолындағы жаңа кезеңінің айқын дәлелі. Алатау қаласында бұл міндеттер қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтай отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Ақжігітов Ардагер Өркенұлы,
Алатау қаласы
ішкі саясат бөлімінің басшысы




