☀️
20°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 29, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңғырудың құқықтық негізі

    24.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Лебіз, Саясат
    Жаңғырудың құқықтық негізі
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

           Қазақстан қоғамы кейінгі жылдары күрделі тарихи кезеңді бастан өткеріп отыр. Мемлекет дамуының жаңа бағыты, саяси жүйені жаңғырту және азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру сияқты маңызды міндеттер күн тәртібіне шықты. Осындай жағдайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын конституциялық реформа – еліміздің демократиялық дамуына бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

    Конституциялық реформа – бұл тек заң нормаларын өзгерту ғана емес, ол мемлекетті басқару жүйесінің философиясын жаңарту. Оның басты мәні – билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын кеңейту және қоғамның саяси қатысу мүмкіндігін арттыру.

    Осы орайда жаңа реформалардың мазмұны ең алдымен суперпрезиденттік басқару үлгісінен біртіндеп бас тартуға бағытталды. Бұл дегеніміз – биліктің бір орталыққа шамадан тыс шоғырлануын азайтып, Парламентті қайта құрылымдап, рөлін күшейту. Конституциялық реформалар бір адамның ұсынысымен ғана жүргізілмейді. Бұл тұрғыда бірер күн бұрын ғана конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылып, бүгін алғашқы отырысын өткізіп жатыр. Комиссия құрамына кәсіби заңгерлерден бастап, Парламент депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, азаматтық белсенділер, т.б. қоғам өкілдері тартылған. Бұл реформалардың маңызы мен салмағын айшықтай түседі деп білемін.

    Конституциялық реформа ең алдымен халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтуға бағытталған. Себебі қазіргі заманғы демократиялық мемлекет заң үстемдігіне және әділетті институттарға сүйенуі тиіс.

    Айша Бегалиева,

    ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының оқытушысы 

    Соңғы жаңалықтар

    Есік қаласында сенбілік өтті
    28.03.2026
    Алматы облысы «Жер сағаты» акциясына қатысады
    28.03.2026
    Жаңа визит-орталығы ашылды
    28.03.2026
    Іле ауданында ауқымды сенбілік өтті
    28.03.2026
    Жастар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті
    28.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>