⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Ақпан 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жасанды интеллект – жаңа бәсеке алаңы

    10.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Жасанды интеллект –  жаңа бәсеке алаңы
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Бүгінде қоғам өмірінің негізгі салаларын жасанды интеллект (ЖИ) құралдарынсыз елестету қиын. Бірер жыл бұрын ғана қолданысқа енген генеративті жасанды интеллект қазір көп адамның күнделікті ақпарат алу, оқу, үйрену, контент жасау, өңдеу құралдарына айналып үлгерді. Әлемнің дамыған алпауыт елдері жаңа технологияға жаппай ден қойып, ақпараттық технологияның тізгінін өз қолдарына алуға жанталасып жатқанда Қазақстан да өз шама-шарқынша бұл үдерістен өз үлесін алып қалуға ұмтылып отыр.

    Былтыр қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзі жаңа тарихи кезеңге – жаппай цифрлану және жасанды интеллект дәуіріне қадам басқанын айтып, Қазақстанды үш жылда цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойған. Бұдан соң елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Жаппай цифрландыру және ЖИ технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғырту, мемлекеттік басқару жүйесін ашық және тиімді жұмыс істейтіндей етіп қайта құру мақсатында 2026 жыл елімізде Цифрландыру және Жасанды интеллект жылы деп жарияланды.
    Әлем елдері әлеуеті орасан зор деп бағалаған жасанды интеллектіні игеру, экономиканың түрлі салаларына енгізу жұмысы оңайға соқпайды. Оған қыруар қаржы, инфрақұрылым, технологиялық ресурс қажет. Мәселен, қазір екінің бірі қолданатын ChatGPT сияқты құралды іске қосып, тұрақты жұмыс істетуге жылына миллиондаған доллар қаржы жұмсалады. Яғни бұған осы саланың жілігін шағып, майын ішкен IT мамандарын тарту, ауқымды деректер базасын сақтауға арналған серверлер, олардың жұмысын тұрақты қамтамасыз ететін электр энергиясы сияқты тізбектеліп кете беретін, бір-бірімен байланысты шығындар кіреді.
    Соған қарамастан, Қазақстан үшін цифрландыру мен ЖИ-ді жүйелі енгізу бірқатар стратегиялық мүмкіндік тудырады. Ең әуелі, мемлекеттік қызмет көрсету саласында. Мамандар кейінгі жылдары еліміз электронды үкіметті дамытуда посткеңестік кеңістікте алдыңғы қатарға шыққанын айтады. Құжат рәсімдеу, анықтама алу, тіркеу қызметтері онлайн форматқа көшті. Бұл жағынан Қазақстан дамыған елдердің біразының алдына шықты деуге болады. Мұнда мемлекет пен банк секторының серіктестігі де тиімді жұмыс істеп келеді. ЖИ технологияларын осы жүйеге терең енгізу арқылы шешім қабылдау жылдамдығын арттыруға, адами факторды азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге болады. Бұдан бөлек, экономикада жасанды интеллект өндірісті автомат­тандыру, логистика мен қаржы саласын оңтайландыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі сияқты Қазақстан экономикасының негізгі салаларында интеллектуалды талдау жүйелері апат қаупін азайтып, ресурсты үнемді пайдалануға жол ашады. Ауыл шаруашылығында спутник деректері мен машиналық оқыту әдістерін қолдану егіннің өнімділігін болжауға, су мен тыңайтқышты дәл есеппен пайдалануға жағдай жасайды. Білім мен ғылым саласында да ЖИ негізіндегі бейімделген оқу платформалары оқушылардың қабілетіне қарай жеке оқу траекториясын қалыптастыра алады. Университеттерде ғылыми зерттеулерді өңдеу, үлкен деректермен жұмыс істеу жеңілдей бастады. Бұл, әсіресе, жас ғалымдарды қолдауда маңызды.
    Халықаралық тәжірибеге көз жүгіртсек, цифрландыру мен ЖИ-ді табысты енгізуде АҚШ пен Қытай жаһандық бәсекенің көш басында тұр. АҚШ-та ЖИ-ді дамыту негізінен жекеменшік корпорациялар мен венчурлық капитал есебінен жүрсе, Қытайда бұл бағытты мемлекет тікелей стратегиялық басымдық ретінде қолдап отыр. Еуропа Одағы елдері керісінше, ЖИ-ді енгізуде этика мен құқықтық реттеуге басымдық береді. Бұл елдердегі басты қағида – дербес деректерді қорғау, алгоритмдердің ашықтығы, азаматтардың құқығын сақтау болып отыр. Бұл үрдіс технологияның дамуын аздап баяулатуы мүмкін, бірақ қоғам сенімін нығайтады. Ал шағын мемлекеттер арасынан Эстонияны ерекше атауға болады. Тұрғындарының 99 пайызы мемлекеттік қызметті онлайн алатын бұл ел цифрлық үкімет құруда әлемге үлгі болып отыр. Мұнда ЖИ элементтері сот жүйесінде, салық саласында, медициналық қызметте қолданыла бастады. Оңтүстік Корея да цифрлық инфрақұрылымға ұзақ жылдар бойы инвестиция салып, бүгінде смарт-қалалар мен роботтандырылған өндірісте алдыңғы қатарға шықты. Бұл елдердің тәжірибесіне қарасақ, табыс тек технологияға емес, оны іске асыратын институттар мен кадрлық әлеуетке байланысты екенін көреміз. Сонымен бірге, Қазақстан үшін цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізуде кедергілер де аз емес. Біріншіден, ел ішінде интернеттің қолжетімділігі мен сапасы біркелкі емес. Ауылдық өңірлерде цифрлық қызметтерге қол жеткізуде әлі де шектеу бар. Бұл жағдай цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қала мен ауылда бірдей пайдалануға кедергі келтіреді. Екіншіден, кадр мәселесі. ЖИ саласында қазақстандықтардың бірді-екілі стартап деңгейіндегі, онда да Кремний алқабы арқылы пайда болған ЖИ өнімдері болмаса, әзірге әлемдік технология алпауыттарының өнімін тұтынып отырмыз. Мұның себептерінің бірі – елде білікті мамандар жетіспейді. Назарбаев университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының постдок зерттеушісі Азамат Ешмұхаметовтің айтуынша, жасанды интеллект пен онымен байланысты технологияны меңгерген мамандарды даярлау үшін Қазақстан сияқты әлеуеті жоғары елге өз зертханалары бар, жоғары деңгейде білім беретін Назарбаев университеті сияқты бір ғана оқу орны аздық етеді, кемінде осындай бес оқу орны керек. Дамыған елдерде мұндай кадрларға сұраныс жоғары, шарт, жағдай жасалғандықтан, жоғары білікті мамандардың елде тұрақтап қалуы қиын. Сол себепті Қазақстанда IT білімін дамыту, отандық мамандарды ұстап қалу үшін бәсекеге қабілетті жағдай жасау өзекті.
    Үшіншіден, дерек қауіпсіздігі мен ұлттық егемендік мәселесі. ЖИ жүйелі жұмыс істеуі үшін орасан дерек қажет. Ал деректердің едәуір бөлігі шетелдік платформаларда сақталса, бұл ақпараттық тәуелсіздікке қауіп төндіруі мүмкін. Осы тұрғыда ұлттық деректер орталықтарын дамыту, заңнамалық реттеуді күшейту маңызды. Бұл жағынан елде алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Былтыр қарашада «Жасанды интеллект туралы» Заңға қол қойылды, таяуда күшіне енеді. Alem.Cloud және Al-Farabium деп аталатын екі суперкомпьютері іске қосылды. Әйтсе де, мамандар елде суперкомпьютер санын бұдан да ұлғайту қажетін айтады.

    Сөзімізді түйіндесек, цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында қабылданатын шешімдер елдің алдағы онжылдықтағы бағытын айқындайды. Қазақстан үшін басты міндет – технологиялық серпінді әлеуметтік тұрақтылықпен ұштастыру. Яғни әлемдік трендтерден қалыс қалмай, сонымен бірге ұлттық ерекшелік пен қоғам мүддесін ескеру. ЖИ-ді тек экономиканы жаңғырту құралы ретінде емес, қоғамдық дамудың сапасын арттыратын ресурс ретінде қарастыру қажет. Егер Қазақстан инфрақұрылымды нығайтып, кадр даярлауға басымдық беріп, құқықтық және этикалық негізді алдын ала қалыптастыра алсақ, ЖИ елді жаңа даму сатысына көтеретін қуатты құралға айналмақ. Ал егер бұл үдеріс үстірт жүргізілсе, технологиялық тәуелділік пен әлеуметтік алшақтықты тереңдету қаупі барын ескерген жөн.

    Айбек БЕЙСЕБАЕВ

    Ұсынымдар

    Облыста 19 тұрғынүй мен коммерциялық нысан заңсыз салынып жатыр – Прокуратура

    Алматы облысында бірнеше заңсыз құрылыс анықталды

    1 year ago
    Тілі бірдің тілегі бір

    Тілі бірдің тілегі бір

    2 years ago
    Сібір жарасына қарсы жүздеген адам екпе алды

    Сібір жарасына қарсы жүздеген адам екпе алды

    2 years ago
    Қонаевта 3000 адам қатысқан Наурыз-керуен жүріп өтті

    Қонаевта 3000 адам қатысқан Наурыз-керуен жүріп өтті

    2 years ago
    Орны бөлек Орекең!…

    Орны бөлек Орекең!…

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>