Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында ел дамуындағы маңызды мәселелер талқыланды. Оның жастарға да қатысы бар. Комиссия отырысында жастардың болашағына тікелей әсер ететін бірнеше өзекті бағыт қозғалды. Атап айтқанда, білімге тең қолжетімділік, әлеуметтік әділеттілік және жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы төңірегіндегі мәселелер көтерілді. Бұл бастамалардың маңызы – жастардың болашағы тек уәде деңгейінде ғана емес, енді нақты құқықтық негізбен қамтамасыз етілуінде дер едім.
Жастар белсенділік танытып, қоғамдық бақылау, пікір білдіру арқылы шешім қабылдауға тікелей қатыса алатын болса, еліміздің келешегі де жарқын болмақ. Бұл — жастарды сырттан бақылаушы емес, толыққанды тұлға ретінде мойындау. Комиссия отырысындағы талқылаулардың маңызы – жастар мәселесін жекелеген бағдарламалар деңгейінде емес, Конституциялық қағидаттар деңгейінде бекітуге талпыныстың жасалуында.
Яғни уақытша бастама емес, ұзақ мерзімді құқықтық кепіл болмақ. Білім мен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарының мықтап орнығып, жастардың қоғамдық үрдістерге белсенді қатысуына ешқандай кедергісіз жол ашылуы тиіс. Бұл жастардың бүгінгі мүмкіндігін ғана емес, ертеңге деген шынайы сенімін қалыптастырады.
Назерке Жәнібекқызы, жас маман,
Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының тұрғыны




