☀️
1°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жерді тиімді пайдалану – уақыт талабы

    29.01.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жерді тиімді пайдалану – уақыт талабы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен жер ресурстарын тиімді пайдалану және заңсыздықтардың алдын алу мәселелерін талқылаған кеңес өтті. Жиында облыста пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілері, сондай-ақ мемлекеттік тапсырмалардың формалды орындалуы негізгі күн тәртібіне шығарылды.

    Жер қатынастары басқармасының басшысы Аманжол Әбдірахмановтың айтуынша, 2022 – 2025 жылдар аралығында Алматы облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 1,26 млн гектар пайдаланылмай жатқан жер анықталған. Оның ішінде 517,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған, 2025 жылдың өзінде 91,1 мың гектар жер қайта алынған.

    Қазіргі таңда 323 мың гектар жер қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген. Сонымен қатар 9,4 мың гектар жер бойынша сот өндірісі жүріп жатыр, 2,1 мың гектар жер иесіз мүлік ретінде тіркелген, 272,6 мың гектарға қатысты жер салығын арттыру жөнінде ұйғарымдар берілген. Сондай-ақ сенімсіз жер пайдаланушылармен келісімшарттарды бұзу мақсатында 1 059 жер учаскесіне қатысты құжаттар әзірленіп жатқаны хабарланды.

    «Біздің міндет – жерді қайтару ғана емес, оны нақты экономикаға енгізу. Биыл қосымша 40 мың гектар жерді мемлекетке қайтаруды, бес инфрақұрылымдық жобаны іске асыруды және Алматы маңында үш индустриялық аймақ құруды жоспарлап отырмыз», – деді Аманжол Әбдірахманов.

    Мемлекет меншігіне өткен жерлердің 322,9 мың гектары қайта ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген. Оның ішінде165,9 мың гектар жер конкурс арқылы үлестірілген, 138,5 мың гектар  жергілікті тұрғындардың мал жаюына берілген, 18,5 мың гектар  инвестициялық жобаларға бағытталған.

    Былтыр бірқатар аудандар мен Қонаев қаласында сәулет және жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізілген. Нәтижесінде жер учаскелерін беру кезінде және олардың мақсатты бағытын бас жоспарға қайшы өзгерту деректері анықталған. Алдын алу шаралары ретінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктері бекітіліп, мониторинг күшейтілді. Соның нәтижесінде 2025 жылы заңбұзушылықтар саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда азайған.

    Кеңесте жер қойнауын пайдалану мәселесіне де ерекше назар аударылды. Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Манасбаеваның мәліметінше, облыста шамамен 296 карьер жұмыс істейді. Өңірдің шикізат қоры облыс пен Алматы қаласының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

    «2024 жылдың қорытындысы бойынша пайдалы қазба өндіру көлемі 13 пайызға артты. Ал 2025 жылы бюджетке түскен түсім 18,2 млрд теңгені құрады», – деді Айгүл Манасбаева.

    Алайда заңсыз өндіру мәселесі әлі де өзекті. Былтыр 18 заңсыз өндіру фактісі анықталған, алдын ала есеп бойынша 15,1 млрд теңге шығын келтірілген. Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалған. Әсіресе Еңбекшіқазақ ауданындағы бір ауылдық округте бір жер учаскесінде заңсыз қазба өндіру дерегі жыл басынан бері 25 рет қайталанған.

    Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев берілген тапсырмалардың толық орындалмағанын атап өтті.

    «Жер мен жер қойнауын заңсыз пайдалану экономикаға да, экологияға да тікелей зиян келтіреді. Сондықтан барлық тапсырма формалды емес, нақты әрі толық орындалуы тиіс. Заңсыз шешімдер жойылып, жер мемлекет меншігіне қайтарылуы қажет», – деді аймақ басшысы. Сонымен қатар облыс әкімі жерді қайтару бойынша сот жұмыстарын және тексерістерді күшейтуді, аумақтарды функционалдық мақсаттарына қарай нақты бөліп жоспарлауды, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын аяқтауды және Алматы агломерациясында ауыл шаруашылығы жерлерін бөлшектеу тәжірибесін тоқтатуды тапсырды. Сондай-ақ заңсыз қазба өндіру орындарына бақылау бекеттерін орнату және ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейту жоспарланып отыр.

    Өз тілшіміз

    Ұсынымдар

    Тұмаумен сырқаттанғандар 36 пайызға азайған

     Маусымдық тұмау: қауіпті қалай азайтуға болады?

    1 year ago
    Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтетін “Парыз” конкурсы басталды

    Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтетін “Парыз” конкурсы басталды

    3 years ago
    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    Алматы облысында биыл газдандыру деңгейі 52,8 пайызға жетеді

    1 year ago
    Ата-ана – балаға айна

    Ата-ана – балаға айна

    6 months ago
    Мақсат айқын, міндет зор

    Мақсат айқын, міндет зор

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>