[um_weather city="Қонаев"]
Сенбі, Қаңтар 24, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жылжымалы дөңгелек жөндеу туралы естіп пе едіңіз?

    24.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Жылжымалы дөңгелек жөндеу туралы естіп пе едіңіз?
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

        Ниет болса, еңбек етемін деген адам екі қолға бір күрек табады. Маңдай термен ұл-қызын өсіріп, адал ісімен көптің алғысына бөленіп отырған Ермек Адамбекұлының кәсібі туралы әлеуметтік желіден байқап қалдық. Ағамыз нарықта кең тараған кәсіпті жаңа жолмен түрлендіріп, нәсібін көріп отыр екен.

    Қазір аттап бассақ, жолдың бойында «Дөңгелек жөндеу» орындарын көп көреміз. Көлік дөңгелегінің желі азайса, үрлеп, жарылғанын лезде жөндеп береді. Дәл осы кәсіппен Еңбекшіқазақ ауданындағы Қазтай Ұлтарақов ауылының тұрғыны, бес баланың әкесі – Ермек Адамбекұлы үш жылдан бері айналысып келеді. Оған дейін ұзақ жыл теміржол саласында қызмет еткен. Алайда жүрегіне ота жасағаннан кейін теміржолдағы қызметке денсаулығы жарамай, жұмыстан шыққан.
    Еңбек адамы қол қусырып жатсын ба? Денсаулыққа ауыр салмақ түсірмейтін, қолынан келетін іс іздеп жүргенде сатылымға қойылған вулканизацияны көзі шалады. «Байқап көрсем, қалай болар екен? Қолымнан келе ме?» деген қызығушылықпен сатушыға хабарластым. Шағын ғана контейнер. Ішінде дөңгелек жөндеумен айналысуға қажетті құрал-сайманының бәрі түгел екен. Иесі істің мән-жайын толық түсіндіріп берді. Балаларыммен ақылдасып, контейнерді сатып алдым. Сонымен тәуекелге бел буып, жаңа кәсіпті бастап кеттік. Контейнерді ауылдың сыртына үлкен жолдың жиегіне әкеліп қойып, бастапқыда тек жеңіл көліктердің дөңгелегін жөндедік», – деген Ермек Адамбекұлы аз уақытта жаңа іске қолы үйреніп, үлкен жүк көліктерінің де дөңгелегін жөндеуге машықтанған.
    «Кәсібімізді кеңейту үшін жүк көліктерінің де дөңгелектерін жөндей бастадық. «Алматы – Қорғас», «Алматы – Көкпек» бағытының қиылысында, үлкен жолдың бойында орналасқан соң мұнда біздің қызметімізге сұраныс та көп. Қытайға баратын, ол жақтан Ресей, Еуропаға шыққан мыңдаған жүк көлігі күнделікті ағылып жатыр. Нарынқол, Кеген, Шонжы жаққа барып-келіп жатқан көліктер де бар. Олардың бірінің дөңгелегі жарылса, енді бірінікі жыртылып, жанып кетіп те жатады. Жолда неше түрлі жағдай болады. Кез келген қиындықтағы жұмысты алып, жолаушылар жолынан қалмай, діттеген жеріне аман жетуіне өз үлесімізді қосып жатқанымызға шүкіршілік етемін. Дөңгелегі жөнделіп, уайымы сейілген жандар алғысын жаудырып, жүрекке жылу сыйлайды. Бұл сауабы мол іс қой», – дейді Ермек аға.
    Нарықтағы қарапайым кәсіпке жаңа серпін беріп, пайдасын арттыру ғана емес, сондай-ақ тұтынушының сұранысына сай қызмет ұсына білу, әрі ол қызметті сапалы көрсету – нағыз кәсіпкердің ісі. Бұл – кәсіпке адал, халыққа пайдалы болудың көрінісі. Осы іскерлік қасиет Ермек Адамбекұлының да бойынан байқалды. Өзге дөңгелек жөндеушілер бір орында тұрып қызмет көрсетсе, кейіпкеріміз «Жылжымалы дөңгелек жөндеу» қызметін іске қосқан. Сол арқылы алыс жолда, иен далада қалған жолаушыларға көмегін көрсетеді.
    «Жылжымалы дөңгелек жөндеу» қызметін іске қосқанымызға бір ай ғана болды. Осы уақыт ішінде 15 мәрте ұзақ жолға шығып, тапсырысқа бардық. Кеше 100 шақырымдағы Шонжыға, оның алдында 200 шақырым жерде жатқан Жаркент жаққа барып, жолда қалған көліктердің дөңгелегін жөндедік. Күннің ыстық-суығына да қарамай, тәуліктің кез келген уақытында тапсырыспен шақырған жеріне барып, дөңгелектерін жөндеп береміз. Көлік жүргізушілері де, жолаушылар да алғысын айтып жатады. Біз де жол амандығын тілеп, шығарып саламыз», – дейді кәсіпкер.
    Әрине, жолда қалған көлікті эвакуатор жалдап, жөндеу орталығына апарғаннан гөрі, оқиға орнына шеберлерді шақырып жасатқан әлдеқайда арзан, әрі уақыт жағынан да тиімді болары сөзсіз.
    «Дөңгелек жөндеу – біздің отбасымыздың кәсібіне айналды деуіме болады. Өйткені мен жалғыз істемеймін. Осы істе үйдегі бәріміздің де үлесіміз бар. Үлкен екі ұлым өз жұмыстарын ыңғайластырып, маған көмектесіп тұрады. 11-сыныпта оқитын ұлым да ара-тұра жаныма келіп, қолғабыс жасайды. Маңдай тер, адал еңбекпен келген нанның тәтті болатынын балалар жастайынан біліп өскені жақсы», – деген Ермек ағадан дөңгелек жөндеу кәсібінде қандай қиындық бар екенін сұрадым. Алған жауабым қызық болды. «Дөңгелек жөндеу ісінде біз үшін қиын болып жатқаны – үлкен дөңгелектерді ауыстыру да, жөндеу де емес, қытай тілін білмеу», – дейді. «Үлкен жүк көліктерін тізгіндеген қытай азаматтары жиі келеді. Олармен ым-ишарамен сөйлесіп, бір-бірімізді әрең түсінеміз. Тіл қарым-қатынас құралы болған соң, әрине, қай салада қызмет етсең де, байланыс орнату үшін көп тіл білген жақсы», – деп ағамыз ағынан жарылды.
    Қарым-қатынас, байланыс демекші, бүгінде көпшіліктің алтын уақыты әлеуметтік желілерде зая кетіп жатыр. Ал Ермек аға оны кәсібін алға жылжыту үшін пайдаланып отыр. Тұтынушылардың көбі жылжымалы дөңгелек жөндеу қызметін ағаның тиктоктағы арнайы ашқан парақшасынан біліп хабарласады екен. Біз де сол парақшаны көріп қалып, Ермек ағаның еңбегін жоғары бағалап, алғысын айтқан, ақ тілегін жеткізгендердің қарасы көп екеніне көз жеткізген соң мақалаға кейіпкер еттік. Ермек аға айтқандай, дөңгелек жөндеу – шынымен де сауапты іс екеніне елдің жүрекжарды лебізі тағы бір дәлел.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Сала жұмысында сылбырлық бар

    Сала жұмысында сылбырлық бар

    2 years ago
    Алматы облысында “Денсаулық фестиваліне” 600 адам қатысты

    Алматы облысында “Денсаулық фестиваліне” 600 адам қатысты

    2 years ago
    Жастар – ел тірегі

    Жастар – ел тірегі

    1 year ago
    «Жедел жәрдем» көлігін сыйға тартты

    «Жедел жәрдем» көлігін сыйға тартты

    12 months ago
    Әулет пен нәубет

    Әулет пен нәубет

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>