⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    15 ақпан – Ауған соғысында қаза тапқан боздақтарды еске алу күні

    15.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Тарих
    15 ақпан – Ауған соғысында қаза тапқан боздақтарды еске алу күні
    0
    SHARES
    33
    VIEWS

    15 ақпан – Ауған соғысында қаза тапқан  сарбаздарды еске алу күні. Бұл күн – тарихымыздың қасіретті де тағылымды кезеңін еске салып, ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым ететін, ардагерлерге құрмет көрсететін маңызды дата.

    1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылып, он жылға созылған соғыс аяқталды. Аталған тарихи оқиға сол кездегі Кеңес Одағы құрамындағы республикалар үшін үлкен мәнге ие болды. Бұл соғысқа Қазақстаннан да мыңдаған азамат қатысып, әскери борышын абыроймен атқарды. Өкінішке қарай, олардың бірқатары туған жеріне оралмай, жат жерде мәңгілікке қалды. Сондықтан 15 ақпан – ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу, олардың есімін ұлықтау және көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсету күні ретінде аталып өтеді.

    Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6654 әскери бөлімі мен 32363 Десанттық-шабуылдау бригадасы әскери қызметшілері Ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған тағылымды іс-шара өткізді. Ерлік пен елдік рухты ұлықтаған бұл күні әскери бөлімнің жеке құрамы ескерткішке барып, гүл шоқтарын қою рәсімін ұйымдастырды.

    Салтанатты шара барысында әскери қызметшілер мен ардагерлер ескерткіш алдына жиналып, қаза болған жауынгерлердің рухына тағзым етті. Бір минут үнсіздік жарияланып, батырлардың есімдері құрметпен аталды. Әскери оркестрдің қоңыр әуені мен сап түзеген сарбаздардың айбынды келбеті іс-шараның мәнін айшықтай түсті.

    Әскери бөлім басшылығы өз сөзінде Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі мен қайсарлығы – бүгінгі ұрпаққа өнеге екенін атап өтті. Олар елге адал қызмет етудің, антқа беріктіктің, жауынгерлік достық пен бауырмалдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Қиын-қыстау кезеңде Отан алдындағы борышын абыроймен орындаған жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

    Іс-шара барысында ардагерлер жас сарбаздармен жүздесіп, өздерінің әскери өмірінен естеліктерімен бөлісті. Олар соғыс жылдарындағы қиындықтар мен жауапкершілік туралы айтып, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге шақырды. Әсіресе, бірлік пен ынтымақтың, достық пен өзара қолдаудың маңызын ерекше атап өтті. Жас сарбаздар ардагерлердің әңгімелерінен үлкен тағылым алып, рухани әсерге бөленді.

    Мұндай кездесулер – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, тарихи жадымызды жаңғыртудың маңызды бөлігі. Батырлардың есімі ел жадында мәңгі сақталып, олардың ерлігі әрдайым құрметке ие болады. 15 ақпан – ел үшін жанын қиған боздақтарды еске алып, ардагерлерге тағзым ететін, ерлік пен отансүйгіштік рухын дәріптейтін күн болып қала береді.

    Ұсынымдар

    «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    2 years ago
    Түйткілдерді тұрғындармен бірге шешеміз

    Түйткілдерді тұрғындармен бірге шешеміз

    1 year ago
    Жағажайға жан кіреді

    Жағажайға жан кіреді

    7 months ago
    Мемлекет басшысы China National Petroleum Coprporation директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

    Мемлекет басшысы China National Petroleum Coprporation директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

    6 months ago
    Жас балуандар республикада топ жарды

    Жас балуандар республикада топ жарды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>