15 наурыз күні еліміз үшін маңызды саяси оқиға – референдум өтеді. Бұл – әрбір азаматтың ел дамуына тікелей үлес қосуына мүмкіндік беретін тарихи сәт. Референдум – халықтың өз еркін білдіруінің, мемлекет тағдырына қатысты шешімдерді қабылдауға қатысуының айқын көрінісі.
6654 әскери бөлімі жеке құрамы үшін де бұл күннің маңызы зор. Әскери қызметшілер – Отан алдындағы қасиетті борышын атқарып жүрген азаматтар. Олар елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріне де бейжай қарамайды. Референдумға қатысу – әрбір әскери қызметшінің азаматтық жауапкершілігін көрсететін маңызды қадам.
Бөлім командирі, полковник Алқайдаров Сағындық Ахмадиұлы жеке құраммен кездесулер өткізіп, референдумның маңыздылығын кеңінен түсіндірді. Өз сөзінде ол референдум – ел болашағына қатысты стратегиялық шешім қабылдау алаңы екенін атап өтті. Мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуы, заң үстемдігі мен қоғамдық келісім – барлығы да халықтың белсенділігіне байланысты екені ерекше айтылды.
Полковник Алқайдаров Сағындық Ахмадиұлы әскери тәртіп пен азаматтық жауапкершілік ұғымдары өзара тығыз байланысты екенін жеткізді. Әскерилер Отанға адал қызмет етумен қатар, ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерге де бейжай қарамауы тиіс. Референдумға қатысу – әр адамның конституциялық құқығы әрі парызы.
6654 әскери бөлімінде жеке құрам арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сарбаздар мен офицерлерге референдумның мәні мен маңызы, оның құқықтық негіздері жан-жақты түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және елдік мәселелерге деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталған.
Бүгінгі таңда Қазақстан тұрақтылық пен бірлікті басты құндылық ретінде ұстанады. Қоғамдық келісім мен татулық – мемлекеттің басты тірегі. Референдум – осы құндылықтарды одан әрі бекемдей түсетін маңызды демократиялық құрал. Әрбір дауыс – ел болашағына қосылған үлес.
Қорытындылай келе, 15 наурыздағы референдум – еліміздің дамуы жолындағы маңызды кезең. 6654 әскери бөлімінің жеке құрамы бұл саяси науқанға жоғары жауапкершілікпен қарап, азаматтық белсенділік танытады. Себебі Отанға қызмет ету – тек қару асынып шекара күзету ғана емес, елдің ертеңі үшін маңызды шешімдерге де атсалысу.
Еліміздің болашағы – өз қолымызда.




