⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Ақпан 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Абыройлы міндет

    02.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Абыройлы міндет
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласының орталық алаңында ҚР Ұлттық ұланы 3660 әскери бөлімі жас сарбаздарының әскери ант беру рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларынан келген 200-ден астам сарбаз, олардың ата-аналары және әскери сала ардагерлері қатысты.

    – Отан алдында берілген антқа адал болу – үлкен абырой әрі зор жауапкершілік. Сіздердің жүректеріңізде елге деген сүйіспеншілік, патриотизм сияқты қасиеттер берік орнаған деп сенемін. Темірдей тәртіп, табандылық сіздерге серік болсын. Міндеттеріңізді мүлтіксіз атқарып, ата-аналарыңыздың үмітін ақтап, еліміздің мақтанышы болыңыздар, – деген ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Атабек Салихбаев ант берушілердің алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
    Қатардағы Нұрдәулет Алтаевтың анасы Бану Бектенова: «Сарбаздарға ел сенімін ақтайтын, Отанымыздың ержүрек азаматы болуына, сағынышпен күтіп жүрген отбасыларына аман-есен оралуларын тілеймін. Әскерде алған тәлім-тәрбие, шыныққан жігер алдағы өмірлерінде де пайдасын тигізеді деген ойдамын», – деп жылы лебізін білдірді.
    Жас сарбаз Азамат Бисенғалиев елге қызмет ету әрбір ер азаматтың борышы екенін айтып, қатарластарын осы маңызды міндеттен жалтармай, әскери қызметін өтеуге шақырды. Сарбаздар алдағы уақытта құқықбұзушылықтың алдын алып, еліміздің тыныштығын күзетеді.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    National Geographic Qazaqstan мектептерде семинарлар өткізуде

    National Geographic Qazaqstan мектептерде семинарлар өткізуде

    2 years ago
    Қарасай ауданында 700 шақырым жолға асфальт төселмеген

    Жол жөндеуге қатысты шенеуніктер жауапқа тартылды

    2 years ago

    Жеңіл атлетикадан жарыс өтті

    2 years ago
    Алматы облысында демалыс аймақтары тексерілді

    Алматы облысында демалыс аймақтары тексерілді

    2 years ago
    Жыл басынан бері 143,2 мың адам жұмысқа орналасты

    Жыл басынан бері 143,2 мың адам жұмысқа орналасты

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>