☀️
3°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Адам құқығы – басты құндылық

    17.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Адам құқығы – басты құндылық
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде республикалық референдум өтеді. Негізгі заң жобасы қазірдің өзінде қоғамда кеңінен талқыланып, сарапшылар оған баға бере бастады.

    Құжаттың басты ерекшелігінің бірі –  жаңартылған кіріспе бөлігі (преамбула). Онда «Қазақстанның біртұтас халқы» ұғымы бекітіліп, байырғы қазақ жеріндегі мемлекеттілікті нығайту, Ұлы даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы атап өтіледі, сондай-ақ мемлекеттің унитарлық сипаты, оның шекарасының мызғымастығы мен аумақтық тұтастығы расталады. Алғаш рет конституциялық деңгейде «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң және тәртіп» қағидаты тұжырымдалып отыр. Сарапшылар-дың пікірінше, бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты кепілдікпен қамтамасыз ететін құқықтық мемлекет құруға бағытталған стратегиялық бағдарды  айқындайды.

    Еңбекшіқазақ ауданындағы заңгер Толқын Ақанованың айтуынша, преамбула бүкіл конституциялық жүйенің құндылығын көрсетеді. Онда бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаты, мәдениет, білім, ғылым мен инновацияның басымдығы бекітілген. Сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қарау мен Қазақстанның барлық елмен бейбіт қарым-қатынас жасауға ұмтылатыны атап көрсетілген.

    7-бапта діннің мемлекеттен бөлінгені нақты бекітіліп, діни бірлестіктердің қызметі заңға сәйкес жүзеге асырылатыны көрсетіледі. Сонымен қатар конституциялық құрылыстың негіздерін, адам құқықтары мен бостандықтарын, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның имандылығын қорғауға бағытталған құқықтық шектеулер көзделген. Осы қағидатпен логикалық байланыста 33-бапта білім беру  ұйымдарындағы оқыту мен тәрбиенің зайырлы сипаты бекітілген.

    Адам құқықтары саласындағы маңызды қадамдардың бірі – 22-бап нормасы. Оған сәйкес әркім өзінің ұлттық тиесілігін айқындауға, көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы. Бұл жекетаңдау еркіндігіне және қазақстандық қоғамның көп ұлтты сипатына құрметті білдіреді.

    Экологиялық бағыт та конституциялық деңгейде бекітілді. 8-бапта алғаш рет меншік иелерінің жауапкершілігі айқындалған. Меншік пайдалану қоршаған ортаға зиян келтірмеуі және өзгелердің құқығын бұзбауы тиістігі жазылған. Осылайша бизнес пен жекеменшік иелерінің әлеуметтік жауапкершілігі күшейтілген.

    Еңбекшіқазақ аудандық сотының бас маманы Толғанай Шанышқұлованың  сөзінше, жаңа Конституцияда адам құқықтарының маңызды кепілдіктері құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормаларда да көрініс тапқан. 18-бапта ұсталған адамға бостандығын шектеудің негіздері мен оның құқықтарын міндетті түрде түсіндіру қарастырылған. Бұл заң тәжірибесінде «Миранда қағидасы» ретінде белгілі. 19-бапта кінәсіздік презумпциясы, бір құқықбұзушылық  үшін қайта жауапқа тартуға тыйым салу, сондай-ақ өзіне және жақын туыстарына қарсы куәлік бермеу құқығы бекітілген.

    Жеке өмірді қорғауға да ерекше мән берілген. 20-бапта жеке және отбасылық құпияға қол сұғылмаушылық, дербес деректерді, соның ішінде цифрлық ортада қорғау, сондай-ақ банктік операциялардың, хат алмасудың және өзге де хабарламалардың  құпиясы құқығы бекітілген.

    Мемлекеттің әлеуметтік бағыты 27-бапта айқын көрсетілген. Онда еңбек етуге, мамандықты еркін таңдауға, қауіпсіз еңбек жағдайларына және кемсітусіз әлеуметтік қорғауға құқық кепілдендірілген. 14-бапта бір адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтарын бұзбауға және конституциялық құрылыстың негіздеріне қол сұқпауға тиіс екені белгіленген.

    Заң саласындағы мамандардың  пікірінше, жаңа Конституция жобасы мемлекеттілікті нығайтуға және адам құқықтарын жан-жақты қорғауға берік құқықтық негіз қалыптастырады. Алдағы референдум елдің құқықтық жүйесін дамытудағы маңызды кезең болып, Қазақстан Республикасының одан арғы даму бағытын айқындайды.

    Ерзат АСЫЛ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Жастар ел басқару ісіне тартылады 

    Жастар ел басқару ісіне тартылады 

    9 months ago
    Бумеранг

    Бумеранг

    2 years ago
    Бозкілемдегі белдесу

    Бозкілемдегі белдесу

    2 weeks ago
    2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

    2025 жылы МӘМС-ке қанша төлейміз?

    1 year ago
    Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

    Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>