⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Ақпан 24, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ақмола облысының тұрғындары жаңа Конституция жобасын талқылады

    23.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Парламент, Партия, Референдум, Саясат
    Ақмола облысының тұрғындары жаңа Конституция жобасын талқылады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ақмола облысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері жергілікті халықпен, жастармен, спортшылармен, еңбек ұжымдарымен және туристік сала өкілдерімен кездесулер өткізді.

    Сапар өңір халқымен, этномәдени бірлестіктермен кездесуден басталды. Көкшетаудағы «Болашақ сарайында» 400-ге жуық адам – зиялы қауым, шағын және орта бизнес өкілдері, ақсақалдар, мәслихат депутаттары, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері, басқа да белсенді азаматтар жиналды.

    Алқалы жиында сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов еліміздегі қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтеретін түбегейлі жаңа орган – Халық кеңесінің құрылуына ерекше назар аударды.

    – Жаңа Конституция арқылы Халық кеңесі институты құрылады. Ол Қазақстан халқының ортақ мүддесін білдіретін ең жоғары консультативтік орган болады. Ассамблеяның барлық инфрақұрылымы мен бірегей тәжірибесі сақталып, өз жұмысын жалғастырады. Халық кеңесі өңірлерді, азаматтық қоғамды және этномәдени бірлестіктерді біріктіреді. Яғни, халықтың көпэтникалық үні айқындала түседі деген сөз. Осылайша, Ассамблеяның ұзақ жылдар бойы жиған тәжірибесін пайдаланып, өз бетінше заңнамалық күн тәртібін қалыптастыратын біртұтас құрылым қалыптасады, – деп атап өтті Ерлан Қошанов.

    Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи мәнге ие екенін, әлемдік ахуал құбылып тұрған уақытта мемлекетіміз табиғи даму кезеңіне аяқ басқанын айтты. Депутаттың пікірінше, жаһандық өзгерістерге орай, еліміздің орнықтылығын, Тәуелсіздігіміздің тұрақтылығын және алдағы ондаған жылдар бойы біртіндеп дамуды қамтамасыз ететін берік әрі заманауи құқықтық іргетас қажет.

    Жергілікті жұртшылық өкілдері алдағы референдум қоғамды Мемлекет басшысының стратегиялық мақсаттарына біріктіретініне назар аударды. Облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Умар Шоназаров әр азамат үшін Конституцияның маңыздылығын төлқұжатпен салыстыруға болатынын айтты. Егер төлқұжатта адамның жеке деректері көрсетілсе, Конституцияда бүкіл халықтың тағдыры мен болашағы қамтылған.

    Коалиция мүшелерінің өңірдегі волонтерлік бірлестіктермен кездесуі де мазмұнды өтті. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде өткен жиын облыстық волонтерлер форумының ашылуымен тұспа-тұс келді. Форумға 500-ге жуық адам қатысты.

    Кездесуде Мәжіліс депутаты, республикалық волонтерлік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Вера Ким жаңа Конституция жобасында волонтерлік қызметтің маңыздылығына мән берілгеніне тоқталып, жұртшылықты құттықтады. Депутат атап өткендей, осы арқылы Ата заң жобасында мықты мемлекет тек билік институттары ғана емес, сонымен қатар бір-біріне қолдау көрсетуге дайын адамдарға да арқа сүйейтіні туралы қарапайым, бірақ аса маңызды идея айқын көрініс тауып отыр.

    Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев жаңа Ата заңда адами капиталдың дамуы елдің стратегиялық даму бағыттарының бірі ретінде танылатынын атап өтті. Бұл мемлекет білімге, ғылымға және жас ұрпақтың мүмкіндіктеріне сенім артып отырғанын көрсетеді.

    «Eurasia Group Kazakhstan» кәсіпорны алаңындағы ашық диалог барысында Қоғамдық коалиция мүшелері фермерлердің барлық сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде аграрлық сектор өкілдері жаңа Конституция жобасында еңбексүйгіштік, прогресс пен білім мемлекеттің іргелі қағидалары ретінде бекітілгеніне оң пікір білдірді.

    Жаңа Конституция жобасындағы еңбек адамының мәртебесі «ENKI» ЖШС керамикалық кірпіш зауытының еңбек ұжымымен кездесуде талқыланды.

    Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров Конституцияның жаңа редакциясында қауіпсіз еңбек жағдайлары, лайықты сыйақы төлеу және әлеуметтік қорғау құқығы заңдық негізде бекітілетініне назар аударды.

    Одан әрі Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің Ақмола облысының спорт саласының өкілдерімен кездесуі Зеренді ауданының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде өтті. Бұл спорт мектебі заңсыз алынған активтерді қайтарудан түскен қаражат есебінен бой көтергенін айта кеткен жөн.

    Бапкерлермен, спортшылармен және секция басшыларымен әңгіме барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасында әділеттілік ұғымы алғаш рет мемлекет пен биліктің жаңарған моделінің қағидаларының бірі ретінде бекітілгенін атап өтті. Кездесуде жергілікті спортшылар барлығына тең мүмкіндіктер туғызу, әсіресе, өңірлерден шыққан талантты жастардың дамуы үшін маңызды мүмкіндік екеніне назар аударды.

    Ақмола облысының туризм және қолөнер саласы өкілдерімен кездесуде Ата заң деңгейінде табиғатқа қамқорлық, ұлттық мәдениетті қолдау және шығармашылық еркіндіктің ерекше маңызы сөз болды.

    Өз кезегінде туризм саласының өкілдері жаңа Конституция жобасында азаматтар мен мемлекеттің міндеттері арасындағы теңгерім қамтылғанына назар аударды. Олар атап өткендей, әрбір қазақстандықтың дербес жауапкершілігі арқылы еліміздің қайталанбас бай мұрасын болашақ ұрпаққа аман жеткізе аламыз.

    Кездесулерге қатысушылардың барлығы 15 наурыздағы референдумға қатысып, жаңа Конституцияны қабылдауға дауыс беруге ниетті екенін білдірді.

    Ұсынымдар

    Ардагерлерге тағзым етті

    Ардагерлерге тағзым етті

    2 years ago

    Еңбек – адамның көркі

    2 years ago
    Президент бастамасына қолдау көрсетті

    Президент бастамасына қолдау көрсетті

    1 year ago
    Еркіндік сыйлаған ерекше күн

    Еркіндік сыйлаған ерекше күн

    2 years ago
    Масс-медиа – үлкен күш

    Масс-медиа – үлкен күш

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>