Алатау қаласының әкімі Аркен Хамитұлы Өтенов белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының мәжіліс залында тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға қала басшысымен қатар дербес бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты. Атап айтқанда, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, жер қатынастары және басқа да бағыттар бойынша сұрақтар қойылды.
Айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша заң аясында кеңестер беріліп, мәселені шешу жолдары талқыланды. Тұрғын үй алу және оның кезегі заңға сәйкес жылжып, кезегімен берілетіні түсіндірілді. Жұмысқа орналасу үшін Алатау қалалық «Мансап» орталығының кіші ақпараттық жүйесіне жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, жұмыссыздық мәртебесін алғаннан соң бос жұмыс орындарына жолдануға мүмкіндік бар екендігі айтылды.
Сонымен қатар, қабылдау барысында Аркен Хамитұлы жауапты сала мамандарына арнайы тапсырмалар беріп, тұрғындардың өтініштерін заң аясында қанағаттандыруды тапсырды.
Қабылдау қорытындысы бойынша салалық басқармалар мен жауапты лауазымды тұлғаларға әрбір өтінішті жан-жақты зерделеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Өтініштердің орындалуы қала әкімі тарапынан бақылауға алынды.
Барлық өтініш пен көтерілген мәселе заң талаптарына сәйкес қарастырылады.




