⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Ақпан 26, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысындағы стратегиялық гидроэлектр станциясының ұжымы референдумды қолдайды

    25.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Алматы облысындағы стратегиялық гидроэлектр станциясының ұжымы референдумды қолдайды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Қапшағай гидроэлектр станциясында болып, кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын Конституциялық өзгерістердің мазмұны түсіндірілді. Әсіресе билік тармақтарының теңгерімі, Президент өкілеттігінің бір реттік жеті жылдық мерзімі және Конституциялық Соттың рөлін күшейту мәселелері назарға алынды.

    Коалиция мүшесі Рада Трыкалюк өз сөзінде өзгерістердің институционалдық сипатына тоқталды.

    «Бұл түзетулер нақты тұлғаларға емес, тұрақты ережелерге негізделген басқару моделін қалыптастыруға бағытталған. Мемлекеттік институттардың өзара жауапкершілігі айқындалып, шешім қабылдау тетіктері жүйеленеді. Ұзақ мерзімді тұрақтылық дәл осындай институционалдық негіз арқылы қамтамасыз етіледі», – деді ол.

    Кездесу барысында станция қызметкерлері ұсынылған өзгерістерге қатысты пікір білдіріп, алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді. Ұжым өкілдері елдің құқықтық негізін нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдайтындарын атап өтті.

    Айта кетейік, Қапшағай ГЭС – еліміздің энергетикалық жүйесіндегі стратегиялық маңызы бар нысандардың бірі. Станция 1970 жылы пайдалануға беріліп, Алматы өңірін электр энергиясымен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді. Гидроқұрылыс нысанының салынуы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына серпін беріп, Қапшағай су қоймасының қалыптасуына негіз болды.

    Ұсынымдар

    QS WUR әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингіне қазақстандық 21 ЖОО кірді

    QS WUR әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингіне қазақстандық 21 ЖОО кірді

    1 year ago
    Мажарстан ғалымдарымен әріптестік орнатты

    Мажарстан ғалымдарымен әріптестік орнатты

    3 years ago
    Бәйгеде бағы жанғандар

    Бәйгеде бағы жанғандар

    1 year ago
    АЭС орны қалай таңдалады?

    АЭС орны қалай таңдалады?

    1 year ago
    Шетелде кім емделе алады?

    Положительные оценки развития страны остаются на стабильно высоком уровне

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>