⛅
23°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматылық жастар жаңа Конституция жобасын қолдады

    09.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Алматылық жастар жаңа Конституция жобасын қолдады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы қаласының Әуезов ауданындағы комьюнити-орталықта Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған қала жастарының қатысуымен интеллектуалды Meet-up өтті. Кездесу Мәжіліс депутаттарын, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелерін, сарапшыларды және жас белсенділерді біріктіріп, жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы интерактивті форматта ұйымдастырылды.

    Іс-шара ашық диалог алаңына айналып, онда жастар тек сұрақ қойып, өз пікірлерін білдіріп қана қоймай, оларды жасанды интеллекттің аналитикалық қорытындыларымен салыстырды. Бағдарламаның ерекше бөлігі ретінде алматылық жастар арасында конституциялық батл өткізілді.

    Талқылауға Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Жанарбек Әшімжан, Үнзила Шапақ, жастар ұйымдарының өкілдері, сарапшылар қауымдастығы, комьюнити-орталықтардың, қоғамдық бірлестіктер мен медианың басшылары қатысты. Қаланың белсенді жастары жаңа Конституция жобасын қолдап, енгізіліп отырған жаңашылдықтардың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.

    Кездесудің негізгі мақсаты — жаңа Конституция жобасын жан-жақты талқылау, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, құқықтық мәдениетті дамыту және заманауи технологияларды қолдану арқылы сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

    Жас ғалым Әкежан Кеңесов кездесудің жаңа форматының маңыздылығын атап өтті:

    «Жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып жүргізілген түсіндіру жұмыстары жастарға конституциялық реформалардың мәнін терең әрі қолжетімді түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай алаңдар құқықтық сауаттылықты арттырып, өзекті қоғамдық мәселелерді ашық талқылауға жағдай жасайды».

    Өз кезегінде «Qamqor» қоғамдық қорының жетекшісі Бағдат Анарбаева Конституция жобасының құндылықтық негізіне тоқталды:

    «Жаңа жобада “Әділетті Қазақстан” бағдары мен “Заң және тәртіп” қағидаты айқын көрініс тапқан. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы бекітіліп, бұл заңдылықты нығайтуға және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған».

    Алматы қаласының волонтёрлер фронт-офисінің жетекшісі Қымбат Нұрдәулет волонтёрлік қызметке қатысты өзгерістерге назар аударды:

    «Кез келген өзгеріс дұрыс түсіндіріліп, тиімді жүзеге асырылған жағдайда ғана оң нәтиже береді. Жаңа Конституцияда волонтёрлік пен қайырымдылық қорлары саласына қатысты өзгерістер ұсынылып отыр, бұл волонтёрлік қызметті ынталандыруға бағытталған. Бүгін мұнда Алматыдағы жастар ұйымдарының көшбасшылары мен басшылары жиналды, ал алматылық жастардың пікірі салмақты және міндетті түрде нәтижесін береді деп ойлаймын».

    Жас кәсіпкер Ақарыс Төребеков іс-шара форматы жастардың заманауи сұранысына сай екенін атап өтті:

    «Бүгінде жасанды интеллект жастардың өмірінде — оқуда, тұрмыста, күнделікті шешімдер қабылдауда — ерекше орын алады. Бізде қатысушының сұрағы, қатысушының пікірі және жасанды интеллекттің пікірі бар. Жастар не дейді, ЖИ не айтады және іс-шара қонақтары қандай қорытынды шешімге келеді — соны көру қызық. Жастар көзқарасы арқылы қалыптасқан ортақ пікір – құнды».

    Мәжіліс депутаты Айдос Сарым конституциялық батлға қатысып, кездесудің форматын жоғары бағалады:

    «Бұл — өте жақсы, жастарға лайықты және заманауи формат. Өзім үшін де қызықты болды. Бүгінге дейін жаңа Конституция жобасы бойынша азаматтардан төрт мыңнан астам ұсыныс түсті. Олар Конституциялық соттың салыстырмалы кестелерінде орналастырылып жатыр, яғни адамдар бұл өзгерістердің тең авторларына айналуда».

    Іс-шара қорытындысы бойынша Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері жаңа елдің негізгі заңын қолдаған Алматы жастарының белсенділігін жоғары бағалады. Қатысушылар конституциялық бастамалардың мәнін терең түсінгенін көрсетті, ал мұндай интеллектуалды әрі ашық форматтар азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және елдегі құқықтық реформаларды қолдауға ықпал ететіні атап өтілді.

    Соңғы жаңалықтар

    Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
    27.04.2026
    Болашақ чемпиондар бозкілемде
    27.04.2026
    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ СӨЗ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
    27.04.2026
    Бастаманы ауқымдау және оны практикалық тұрғыдан іске асыру
    25.04.2026
    «Таза Қазақстан» – идеология мен құндылықтың платформасы
    25.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>