⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Ақпан 26, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әрбір шешім  маңызды

    25.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    Әрбір шешім  маңызды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Әкімдіктің мәжіліс залында облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Отырысқа облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев, мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев, басқарма өкілдері, депутаттар, онлайн режимде аудан-қала басшылары мен мәслихат төрағалары қатысты.

    Қуат Сұлтанұлы төрағалық еткен сессия отырысында алдымен   облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қанат Нүсіпбаевтың  2023 – 2025 жылдарға арналған  іске асырылған  жобалар  туралы  есебі тыңдалды. Басқарма басшысының   айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту үшін облыстық бюджеттен табиғатты қорғау бойынша 40 түрлі іс-шараны атқаруға 7,1 млрд теңге қарастырылған. Гидротехникалық құрылыстарды күрделі жөндеу, орман дақылдарын отырғызу және жасыл екпелер алаңдарын ұлғайту сынды жобалар іске асырылған. Сондай-ақ мамандандырылған техника мен жабдықтар сатып алынған. Бүгінде газбен жабдықтау, өзендерді санациялау, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлер орнату және рұқсат етілмеген қоқыстарды жою сияқты жұмыстар атқарылуда. «Жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемін қорғау бағытында Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасын іске асыру шеңберінде облыстағы орман аумағы 14,9 %-дан 15,1 %-ға дейін ұлғайды. Сонымен қатар 40 су айдындары паспорттаудан өтті. Қапшағай су қоймасының резервтік учаскелеріне және Іле өзеніне 588 233 дана тұқым шабақтары жіберілді. Балық шаруашылығын қолдау мақсатында 830 млн теңге көлемінде субсидия бөлінді», – деді  Қанат Нүсіпбаев.

    Келесі кезекте су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы Саят Қараласов баяндама жасап, аймақтағы су ресурстары және ирригация  жүйесіндегі  жаңа  жобаларды ортаға салды. Оның сөзінше, 2028 жылға дейінгі су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Бартоғай су қоймасын реконструкциялау жобасын әзірлеп жатыр. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 270 шақырым болатын топтық су құбыры мен төрт магистральдық канал салу жоспарланған. Үлкен Алматы каналының учаскелерін реконструкциялау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар биыл толық аяқталады. Қазір  «Сұңқар» және «Тегермен» су қоймаларын салуға арналған жобалау-сметалық құжат дайындалып жатыр. Сонымен қатар төрт су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 74 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізу көзделген. Ислам даму банкімен ынтымақтастық аясында Еңбекшіқазақ, Балқаш, Ұйғыр және Райымбек аудандарында суару желілерін реконструкциялау жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Нысандардың жалпы ұзындығы 550 шақырымнан асады. Нәтижесінде 34 мың гектардан аса ауыл шаруашылығы жері тұрақты сумен қамтамасыз етіледі. Бұл өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және оның климаттық тұрақтылығын арттыруға елеулі үлес қосады.

    Аталған  кезекті сессия әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу, облыстық білім басқармасының  қарамағындағы  «Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы» жұмыскерлерінің жалақыларын көбейту, толық бітіріп берілетін құрылыс объектілердің тізбесін бекіту  туралы шешімдер қаралды.

    Сессияда облыс әкімдігінің дербес құрамын келісу, бюджет комиссиясының құрамын бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою мәселелері де талқыланды. Сессияны қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев қабылданған шешімдердің маңыздылығына тоқталды. Ол аймақтың стратегиялық даму бағытын жүзеге асыруда әрбір шешімінің уақытылы әрі сапалы орындалуы басты шарт екенін атап өтті.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Жігері мықты, рухы асқақ

    Жігері мықты, рухы асқақ

    5 months ago
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конкурс өткізіледі

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конкурс өткізіледі

    1 year ago
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ КОМФОРТ САНТЕХНИКА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ КОМФОРТ САНТЕХНИКА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    6 days ago
    Телегей ой, текті жыр

    Телегей ой, текті жыр

    12 months ago
    Алматы облысында жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде

    Алматы облысында жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>