🌫️
-9°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ауған соғысы ардагерлерімен тағылымды кездесу өтті

    12.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қорғаныс
    Ауған соғысы ардагерлерімен тағылымды кездесу өтті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеңес әскерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 37 жыл толуына орай Алатау қаласындағы Ұлттық ұланның 3660 әскери бөлімінде мазмұнды әрі тағылымы терең кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас сарбаздарға отансүйгіштік рух қалыптастыру, ардагерлердің ерлік жолын үлгі ету және тарихи кезеңнің шындығын жеткізу болды.

    Кездесуге отставкадағы полковник Геннадий Фалеев, Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы аға лейтенант Қанат Молдабергенов, сержант Марат Абдолдинов, қатардағы жауынгер Алдажар Сейтулы, сержант Еркин Кушумбаев, сондай-ақ бөлімнің Ардагерлер кеңесінің төрағасы майор Жандарбек Искаков қатысты.

    Шара барысында Ауған соғысы жылдарына арналған деректі бейнероликтер көрсетілді. Бейнематериалдарда сол кезеңдегі жауынгерлердің күнделікті өмірі, әскери операциялар, қиын климаттық жағдайлар мен сарбаздардың ерлік істері туралы әңгімеленді. Сонымен қатар, қазақстандық жауынгерлердің батырлығы мен елге оралу сәттері туралы тарихи кадрлар көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Бұл сарбаздарға соғыстың шынайы бейнесін көрсетіп, бейбіт өмірдің қадірін тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді.

    Ардагерлер өз сөздерінде Ауғанстан жеріндегі әскери борыштарын өтеу кезіндегі ауыр сәттер мен жауынгерлік достықтың құндылығын еске алды. Олар әскери антқа адалдық, тәртіп пен жауапкершілік қандай жағдайда да бірінші орында болатынын атап өтті.

    Кездесу барысында сарбаздар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Әсіресе: «Соғыс кезінде ата-ана, туыстарыңызбен қалай байланысқа шықтыңыздар? Ауғанстанға барар алдында жауынгерлік дайындықтан өттіңіздер ме? Соғыстан келгеннен кейін қалыпқа келу қиын болды ма?» деген сұрақтар көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

    Ардагерлердің айтуынша, сол кезеңде байланыс негізінен хат арқылы жүзеге асқан. Туған жерден келген әрбір хат сарбаздарға рухани күш беріп, үміт сыйлаған. Жауынгерлік дайындықтың қатаң түрде жүргізілгеніне қарамастан, соғыс жағдайы кез келген сарбаз үшін үлкен сынақ болғанын жеткізді.

    Соғыстан кейін бейбіт өмірге бейімделу оңай болмағанын ардагерлер ашық айтты. Уақыт өте келе отбасының қолдауы, қоғамның құрметі мен мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлық олардың өмірге қайта бейімделуіне көмектескен.

    Кездесу соңында әскери бөлім басшылығы қонақтарға алғыс білдіріп, жастарға өнегелі әңгіме айтып, рухани әрі әскери-патриоттық тәрбиеге қосқан үлесі үшін ризашылықтарын жеткізді. Осындай тағылымды шаралар жас сарбаздардың тарихи санасын қалыптастырып, ел тыныштығын күзетудегі жауапкершілігін арттыра түсетіні анық.

    Лейтенант Әлия Әбдіғалиева,

    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    «Халықтың экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді

    «Халықтың экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді

    1 year ago
    Банк өкілдерін қабылдады

    Банк өкілдерін қабылдады

    1 year ago
    Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

    Мемлекет басшысы халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

    2 years ago
    Өнерге құштар Айзере

    Өнерге құштар Айзере

    9 months ago
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Алматы облысында 29 мың жаңа жұмыс орны құрылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>