🌫️
-9°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Азаматын ардақтаған

    12.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Азаматын ардақтаған
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    «Ауылына қарап, азаматын таны» деген аталы сөз тегін айтылмаған. Ауылының абыройы мен мәртебесін көтеріп жүрген азаматтар арамызда аз емес. Олар – туған жеріне ту тіккен ел мақтаныштары.

    Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылдық Мәдениет үйінде «Тұғыры биік туған ел» тақырыбында ауыз толтырып айтарлық игілікті іс-шара өтті. Аты айтып тұрғандай, аталмыш шараның көтерер жүгі салмақты болуымен әрі мәні мен маңызының тереңдігімен жиналған қауымның бірден назарын аударды. Олай болатын жөні де бар.
    Құрамына тоғыз елдімекен кіретін Елтай ауылдық округінің кеңдігі де керемет. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» деген мақсатпен осы ауылдағы елге танымал өлкетанушы, Қарасай ауданының Құрметті азаматы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, жарты ғасырлық ұстаздық жолдан өткен ардагер Орынбасар Жанәділ жақсы бастаманың иесі атанды. Ол Қарасай аудандық Мәдениет үйіндегі мұражайдан ауылдардағы белгілі тұлғалардың басын қосып, арнайы бұрыш ашты. Оның бұл арманы айналасындағылардан қызу қолдау тапты.
    Береке ауылдық ақсақалдар ұйымы­ның төрағасы Әбдіжапар Көшербаев, Мәдениет үйінің дирек­торы Қолқанат Ізмаханов, «Асыл ана» ұйымы­ның жетекшісі Күлпан Исабаевалар өлкетанушының бастама­сын қолдай отырып, жан-жақты көмек көрсетті. Ал жергілікті кәсіпкерлер Арын Тәттібаев пен Болат Дүйсебаевтар демеушілік жасап, қол ұшын берді. Сөйтіп, «Тұғыры биік туған ел» бұрышы көрнекілігімен көпшіліктің игілігіне берілді. Оған облысқа белгілі тұлғалардың портреттік суреттері, жүріп өткен жолы мен өмірбаяндары ілінді. Атап айтқанда, Кеңес өкіме­тін құруға атсалысқан Байбосын Тамабаев, Жүсіп Бабаев, Қорласбай Шабалов, Жұмаділ Ақымжанов, Түбек Есенқұлов, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, ұшқыш Сәт Жылқышиев, Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованың майдандас қаруласы Бекболат Кереев туралы мәліметтер Мәдениет үйінің шырайын арттырып, мазмұнын толықтырып тұр. Бұрышта бейбіт күннің берекесін кіргізген азаматтар туралы ақпараттар да ілінген.
    – Бұл – жақсы істің бастамасы ғана. Алда мұны толықтыра түспекпіз. Сол сияқты әр ауылдың тарихын бейнелейтін суретті альбомдар жасауды да қолға алмақпыз, – дейді өлкетанушы Орынбасар Жанәділ.
    Осынау қастерлі бұрыштың тұсау­кесер рәсімі салтанатты жағдайда ашылды. Ақ жаулықты аналар шашу­­ларын шашты. Елтай ауылдық ақсақал­дар ұйымының төрағасы Әзербай Үркімбаев ақ батасын беріп, ағынан ақтарылды. Ауыл тұрғындары осын­дай еңбегі үшін Орынбасар Жанәділге алғыс айтып, сый-сияпат ретінде шапан кигізді. Алдағы ісіне бірауыздан сәттілік тіледі. Шарада «Асыл қазына» ансамблі көпшілікке арнап тамаша өнер көрсетті.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ
    Елтай ауылы,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жаңа ғимарат –  жарқын іс бастауы

    Жаңа ғимарат – жарқын іс бастауы

    2 months ago
    Әскери қызмет – абыройлы міндет

    Әскери қызмет – абыройлы міндет

    2 years ago
    ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды

    ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды

    6 months ago
    Алматы облысында терроризмге қарсы жаттығу өткізіледі

    Қонаевта терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    1 year ago
    Қаламгер қолтаңбасы: биіктік пен тереңдік

    Қаламгер қолтаңбасы: биіктік пен тереңдік

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>