🌫️
-9°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бапкер даңқын асырды

    12.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Бапкер даңқын асырды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Талғардағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Респуб­ликасының еңбек сіңірген жаттық­тыру­шысы, грек-рим күресінен КСРО спорт шебері, «Парасат» орденінің иегері, ересектер арасындағы КСРО кубогының жеңімпазы Боранбек Қоңыратовтың құрметіне арналған 2011-2013 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті.

    Аталған жарысқа Қазақстан­­­-ның барлық облыстары мен респуб­­ликалық маңызы бар қала­лардан, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстаннан 20 команда, 300-ге жуық жас балуан қатысты. Олар 38 келіден 85 келіге дейінгі 10 салмақ дәрежесінде бозкілемде белдесті.
    Боранбек Қоңыратов – грек-рим күресінен Қазақстандағы ең танымал жаттықтырушылардың бірі. Ол ондаған жылын осы салаға арнап, еліміздің ең мық­ты балуандарының тұтас бір буынын тәрбиелеп шығарды. Оның жетекшілігімен Лондон Олимпиадасының күміс жүл­дегері Демеу Жадыраев пен 2012 және 2016 жылдардағы Олимпиада ойындарының қатысушысы Алмат Кебісбаевтай Қазақстан Республикасының екі еңбек сіңірген спорт шебері дайындалды. Сондай-ақ дарынды бапкер халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған 13 балуанды тәрбиеледі. Олардың қатарында әлемге танымал Дархан Баяхметов, Ербол Қоңыратов, Ербол Камалиев, Олжас Сұлтан және басқа да спортшылар бар. Ең бір қуаныштысы, халықаралық дәрежеде өткен ашық турнир Боранбек Темірғалиұлы шәкірт­терінің бастамасы және демеу­шілік қолдауымен ұйым­дас­тырылды.
    Ондағы мақсат – даңқты бапкердің елімізде грек-рим күресін дамытуға қосқан өлшеу­сіз үлесіне құрмет көрсету, жас спортшылардың шеберлігі мен жарыс тәжі­рибесін арттыру, болашағы зор балуандарды анықтау және қолдау, әртүрлі елдер мен өңірлердің командалары және спорт мектептері арасын­дағы байланысты нығайту, жаттықтырушылар мен спортшы­лар арасында тәжірибе алмасу.
    Екі күн бойы аса тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Қырғызстан Республика­сының балуандары бірінші орынды жеңіп алса, Ақтөбе облысы­ның жасөспірім спортшы­лары – екінші, ал турнир қожайыны саналған Алматы облы­сының грек-рим күресімен айналасатын кіші жасөспірімдері үшінші орынды иемденді.
    Даңқты бапкер Боранбек Қоңыратов­тың құрметіне арнал­­ған ашық турнир жоғары деңгейде өтті. Жасөспірім балуандардың көбі нағыз спортшыға тән қайсар мінез, жеңіске деген жігер, елімізге еңбек сіңірген спорт қайрат­керінің лайықты ізбасарлары қалыптасып келе жатқанын көрсетті. Жарыс жеңімпаздары чемпиондық белбеу және тиісті дәрежедегі медаль, сондай-ақ грамотамен марапатталды.
    Әрине, грек-рим күресі, жалпы спортқа қызығатын отан­дастарымыз Боранбек Қоңыратовты, оның бұл салаға сіңірген еңбегін жақсы білетіні анық. Десе де, қалың оқырманға тағы бір рет таныстыра кеткен артық болмас. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы – бар ғұмырын күреске арнаған адам. Үй көрмей, апталап, айлап шәкірттерімен жүреді. 2024 жылы шәкірті Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының күміс медалін алғанда оның жеке бапкері Боранбек Қоңыратовты қаумалап, сый-құрметін көрсетіп жатқан қауымда есеп жоқ еді. Бірақ оның осы бір жеңіс үшін бес олимпиада циклы бойы арпалысып, табаны күректей 20 жыл күткенін елдің бәрі біле бермейді.
    – Менің жаттықтырушым өзін тек күрес шеберлерін ғана емес, жеке тұлғаларды да қалып­тастыратын тәлімгер ретінде көрсетті. Техника, тактикамен қатар, ол шыңдарды бағындыру жолы – өзіңмен күнделікті жұмыс істеу екенін санамызға сіңіре отырып, психологиялық тұрақ­тылыққа ерекше назар аударады. Бүгінгі турнир – ұрпақ­тар сабақтастығының, ұстазға алғыс білдірудің және Боранбек Қоңыратовтың бүкіл өмірін арнаған грек-рим күресіне деген шынайы сүйіспеншілігінің символы, – деді Демеу Жадыраев.
    Ал грек-рим күресінен халықа­ралық дәрежедегі спорт шебері Дархан Баяхметов:
    – Боранбек Темірғалиұлы бала кезімнен маған тәртіпті, жауапкершілікті және спортқа деген құрметті үйретті. Спортта табысқа жеткендерге жеңілдік жасаған емес, керісінше, басқа­ларға қарағанда қатаңырақ талап қойды. Бұл мені шынық­тырып, спортшы ретінде қалып­тасуыма көмектесті, – дейді бапкеріне деген үлкен құрметпен.
    «Боранбек – ең бастысы, өз ұстанымы бар, мінезді бапкер, керек жерінде өз позициясы үшін қасқайып тұрып алады. Үнемі ізденіс үстінде жүреді. Ұлттық әдебиет пен тарихтан да қара жаяу емес. Асылы, шәкірт ұстаған адамның көкірегінде сәуле болғанына не жетсін?! Боранбек Абайдан бастап, Бауыржан Момышұлын құмартып оқиды. Кез келген мәселеге ой көзімен, тура қарағанды ұнатады. «Тура биде туған жоқ…» демекші, осы мінезімен талайларға жақпай қалатыны бар. Бірақ мінезсіз бапкердің жапырақсыз ағаштан несі артық?!» – деп жазды кезінде танымал спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлы.
    Бұл – оған берілген нақты мінездеме, адамгершілік қасиеті­нің бір парасын анықтайтын бағалы пікір!
    Осындай сан жылдық маңдай тердің, тынымсыз ізденістің, шәкірт­ке деген адалдықтың нәти­же­­сінде Боранбек Қоңыратов­қа «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» деген атақ беріліп, «Парасат» орденімен марапатталды. Бұл – бір адамның ғана емес, оның қолынан тәлім алған барлық спортшының ортақ жеңісі екені анық.
    Даңқты бапкердің шәкірттері келешекте де халықаралық жарыстарда ел мерейін асырып, талай байрақты бәсекелерде Көк Туымызды желбіре­тетініне күмән жоқ.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Тама бабаға тағзым

    Тама бабаға тағзым

    10 months ago
    Кітап – білім бұлағы

    Кітап – білім бұлағы

    19 hours ago
    Нұртөре Жүсіп: АЭС салу – елдің болашағы үшін маңызды қадам

    Нұртөре Жүсіп: АЭС салу – елдің болашағы үшін маңызды қадам

    1 year ago
    Он тоғызда от кешкен

    Он тоғызда от кешкен

    6 months ago
    ҒАСЫР ТОЙЫ

    ҒАСЫР ТОЙЫ

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>