⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Ақпан 26, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Басты талап – адал қызмет!

    25.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Мемлекеттік қызмет, Саясат
    Басты талап – адал қызмет!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

            Қонаев қалалық Мәдениет үйінде мемлекеттік қызмет жүйесінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында маңызды кездесу өтті. Жиынды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев ашып, мемлекеттік аппаратта «нөлдік төзімділік» қағидатын орнықтыру мәселелерін сөз етті. Кездесуге басқармаға қарасты ведомстволық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

    Департамент басшысы мемлекеттік қызмет саласындағы бүгінгі басты бағыттардың бірі – заң үстемдігін қамтамасыз ету арқылы әділетті қоғам қалыптастыру екенін атап, «Заң мен тәртіп» идеологиясы мемлекеттік саясаттың өзегіне айналғанын, мұндағы басты мақсат – азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыру екенін жеткізді.

    • Мемлекеттік қызметші – ең алдымен қоғам алдында жауапты тұлға. Әр қызметкер өз жұмысында адалдық пен әділдік қағидаттарын басшылыққа алғанда ғана біз «Әділетті Қазақстан» құру жолында нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз. Мемлекеттік қызмет артықшылық емес, үлкен жауапкершілік, – деген Нұрсұлтан Ақылбекұлы мемлекеттік қызметші «Адал азамат» қағидатына сай болуы тиіс екенін ерекше назарға алды.

    Кездесу барысында Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жарлығына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу функциялары берілгені, бұл бағыттағы жұмыстардың жаңа кезеңге өткені айтылды. Бүгінде департамент аймақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырып қана қоймай, құқық бұзушылықтарға себеп болатын жағдайларды анықтау және жою бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Жиында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, мемлекеттік функцияларды орындауға жатпайтын іспен айналысуға, қызметтік мүмкіндікті жеке мүддеге пайдалануға, материалдық сыйақы немесе сыйлықтар қабылдауға жол берілмейтіні ескертілді. Мемлекеттік қызметшіге педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметпен айналысуға ғана рұқсат берілетіні атап өтілді. Сонымен қатар жақын туыстардың тікелей бағынысты қызметте бірге жұмыс істеуіне заңмен шектеу қойылғаны айтылды. Мұндай жағдай анықталған кезде үш ай ішінде қызметтік шешім қабылдануы тиіс. Бұл талаптар мемлекеттік аппараттағы әділдік пен мүдделер қақтығысының алдын алуға бағытталған.

    Департамент басшысы сыйлық беру мен алу мәселесіне де терең тоқталып өтті. Заңнама талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге берілген кез келген сыйлықтан бас тарту немесе оны жеті күн ішінде мемлекеттік қорға өткізу міндетті. Ал белгіленген мөлшерден асатын сыйлықтар пара ретінде бағаланып, қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін қадап айтты. Кездесуде ерекше назар аударылған мәселелердің бірі – мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу болды. Департаменттегі мониторинг нәтижесінде өткен жылы Еңбекшіқазақ ауданында бәс тігуге қатысқан 12 қызметші жұмыстан босатылғаны айтылды. Биылдың өзінде интернет арқылы букмекерлік қызметтерге қатысқан 18 мемлекеттік қызметші анықталып, оларға қатысты қызметтік тексерістер жүргізілуде. Осы орайда Нұрсұлтан Ақылбекұлы:

    • Мемлекеттік қызметші қоғамға үлгі болуы тиіс. Құмар ойындарға тәуелділік тек жеке мәселе емес, ол қызметтік тәртіпке, шешім қабылдау сапасына және мемлекеттік беделге тікелей әсер етеді, – деді.

    Жиында сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру жүйесінің жетілдірілгені де тарқатылды. Хабарламаның маңыздылығына қарай сыйақы мөлшері айтарлықтай ұлғайтылған. Бұл қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды. Департамент басшысы квазимемлекеттік сектордағы жауапкершілік мәселесін де назардан тыс қалдырмады.

    • Бүгінде ұйымдарда комплаенс-қызметтері құрылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу жұмысы жүргізілуде. Сонымен бірге мемлекеттік сатып алу саласындағы баға негізділігіне мониторинг күшейтілген. Себебі, сатып алулардағы негізсіз баға өсімі экономикалық тұрақтылыққа ғана емес, қоғам сеніміне де кері әсер етеді, – деді департамент басшысы.

    Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің цифрландырылуы да кеңінен сөз болды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында енгізілген e‑Qyzmet жүйесі кадрлық процестердің ашықтығын арттырып, адами факторды азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде мемлекеттік қызметке орналасу конкурсы онлайн форматта өткізіліп, бейнежазба және практикалық тапсырмалар арқылы үміткерлердің нақты кәсіби деңгейі бағалануда. Бұл тәсіл меритократия қағидатын нығайтып, таныстық немесе субъективті шешім қабылдау тәуекелдерін төмендетуге ықпал етуде. Сонымен қатар ведомстволық ұйымдарға кезең-кезеңімен енгізіліп жатқан Бірыңғай кадрлық жүйе кадрлық жұмысты стандарттауға мүмкіндік беріп отырғаны айтылды.

    Жиын соңында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі және сыртқы талдау жүргізудің маңыздылығы түсіндіріліп, алдын алу шараларының маңыздылығы атап өтілді. Азаматтар мен қызметкерлер үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлық деректері жөнінде хабарлауға мүмкіндік бар екені де жеткізілді.

    Кездесу еркін форматтағы пікір алмасумен жалғасты. Қатысушылар мемлекеттік қызметтегі шектеулерді қолдану тәжірибесі, декларациялау тәртібі, цифрлық іріктеу жүйесінің артықшылықтары және қызметтік әдеп нормаларына қатысты сұрақтарын қойды. Департамент басшысы тарапынан әр сауалға нақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, заң талаптарын дұрыс қолдану жолдары жан-жақты түсіндірілді.

    Құралбек Сәбитов

    Ұсынымдар

    Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жаңа Конституцияның басымдығын атады

    «Тек сот шешімімен ғана» – Қазақстанда тұрғын үй құқығына кепілдікті конституциялық деңгейде күшейту ұсынылды

    2 weeks ago
    Сауда министрлігі 2030 жылға қарай Алматы мен Алматы облысының дайын өнім экспортын 1,5 млрд АҚШ долларына ұлғайтуды көздеп отыр

    Сауда министрлігі 2030 жылға қарай Алматы мен Алматы облысының дайын өнім экспортын 1,5 млрд АҚШ долларына ұлғайтуды көздеп отыр

    5 days ago
    Бірлескен жоба биікке жетелейді

    Бірлескен жоба биікке жетелейді

    6 months ago
    Жаңа зауыт салынады

    Жаңа зауыт салынады

    2 years ago
    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    МӘМС: 2024 жылы Қорға жиі қойылған сұрақтар

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>