🌫️
-7°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Білім мен медицина қолжетімді болады

    26.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Білім мен медицина қолжетімді болады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Биыл 15 наурызға белгіленген референдум еліміз үшін уақыт талабына сай маңызды қадам болғаны анық. Бұл – мәселелерді халықпен бірге шешудің жолы. Өйткені референдум – халықтың өз тағдырына тікелей қатысуының айқын көрінісі. Онда әр азаматтың дауысы маңызды рөл атқарады.

    Мемлекеттік тілде жазылған жаңа Ата Заң жобасы – ел болашағы үшін стратегиялық құжат. Ол қазіргі уақыт талабына сай жетілдірілген. Онда адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде бекітіліп, әлеуметтік кепілдіктер нақты айқындалған. Адам құқығын қорғау, әділдік пен азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейту Конституцияның басты қағидаттары екені даусыз. Бір палаталы Парламент құру, пропорционалды сайлау жүйесін енгізу саяси партиялардың рөлін күшейтіп қана қоймай, олардың жауапкершілігін де арттырады. Сондай-ақ халық пен билік арасындағы диалогті жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз. Әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттарының конституциялық деңгейде бекітілуі қоғамның ұзақ мерзімді тұрақты дамуына негіз қалайды. Ұсынылған өзгерістің бір бөлігі заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нақтылауға бағытталған.

    Жаңа Конституция тек құқықтық құжат қана емес, қоғамдық сананы жаңғыртатын, әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын орнықтыратын рухани негіз болуы тиіс. Осы орайда өкілді органдардың рөлін күшейтуге, қоғамдық бақылау құралдарын дамытуға және шешім қабылдау процестерінің ашықтығын арттыруға қатысты нормалар бар. Бұл өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталып отырғаны анық.

    Жаңа Конституция жобасы адам капиталына, білім мен ғылымға және инновацияға басымдық беретін стратегиялық құжат. Онда білім беру жүйесін дамытудың конституциялық негіздерін нақтылап, қоғамдағы педагог рөлін одан әрі нығайтуға бағытталған баптардың болуы көңіл қуантады. Өйткені білімді жастар – ел болашағының негізгі тірегі. Сондықтан өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тағылымды тәрбие беретін мұғалімдер қауымының қоғамдағы орны мен беделі әрдайым жоғары болуы тиіс.

    Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов жаңа редакциядағы Ата Заң әлеуметтік мемлекеттің негізгі қағидаттарын сақтай отырып, қазіргі геосаяси және технологиялық өзгерістерге бейімделген құжат болуы тиіс екенін айтты. Ол халықпен кездесулер барысында білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы тегін қызмет көрсетуге қатысты мәселе жұртшылықты алаңдатып отырғанына куә болғанын жеткізді. Оның айтуынша, қоғамда бұл құқықтар шектеледі деген жаңсақ пікірлер айтылғанымен, мұндай мәліметтер шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ жаңа Конституция жобасында денсаулық сақтау мен білім беру саласында азаматтардың мүмкіндіктері одан сайын кеңейеді деп айта алатынымызды тілге тиек етті. Асхат Аймағамбетов білім мен медицина еліміздің азаматтары үшін ақысыз әрі қолжетімді болып қала беретінін қадап айтты. Сонымен қатар қолданыстағы Конституциядағы «мемлекеттік жоғары оқу орындары» деген тіркесті алып тастау туралы ұсыныс та орынды екенін атап өтті. Бұл өзгерістің мемлекеттік гранттардың тек мемлекеттік емес, жекеменшік жоғары оқу орындарында да білім алуға мүмкіндік беретін қазіргі тәжірибеге сай келетінін, осы арқылы азаматтардың білім алуға қатысты құқықтық мүмкіндіктері кеңейе түсетінін жеткізді.

    Бүгінгі күн ертең тарихқа айналады. Референдумға қатысу – әрбір қазақстандықтың азаматтық жауапкершілігі. Әр азаматтың таңдауы елдің болашағына әсер ететіндіктен осындай саяси шараға бейжай қарамауымыз керек. Сондықтан 15 наурызда өтетін референдумға баршаны белсенді қатысуға шақырамын.

    Руслан БЕКСҰЛТАНҰЛЫ, 

    Қонаев қалалық қазақ орта мектеп-лицейінің директоры

    Ұсынымдар

    Береке бастауы бірлікте

    Береке бастауы бірлікте

    10 months ago
    Асыға күтеміз

    Асыға күтеміз

    4 weeks ago
    Балсабын жасау шебері

    Балсабын жасау шебері

    1 year ago
    Туберкулезбен сырқаттану деңгейі бірқалыпты

    Туберкулезбен сырқаттану деңгейі бірқалыпты

    2 years ago
    Түрік әдебиетіне арналған кітап бұрышы ашылды

    Түрік әдебиетіне арналған кітап бұрышы ашылды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>