☀️
21°C
Қонаев
Жексенбі, Сәуір 12, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Бизнеске берік кепілдік

    25.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Бизнеске берік кепілдік
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

    Біз, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Жамбыл ауданындағы өкілі ретінде ауыл-ауылды аралап,  жұртшылықпен кең форматта кездесулер өткізіп жүрміз. Аталған Жалпыұлттық коалиция құрамына түрлі сала өкілдері енген. Тұрғындармен кездесулерде Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын түсіндіре отырып, өз саламызға қатысты жақтарына тереңірек үңіле әңгімелейміз. Өзім облыстық мәслихат депутатымын, сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналысатындықтан, Ата Заңның кәсіпкерлер үшін маңызына тоқталамын.

    Жалпы Конституция – еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық дамуының темірқазығы. Еліміздегі конституциялық жаңғырулар мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершілікті айқындап қана қоймай, кәсіпкерлік қызметтің еркін әрі қауіпсіз дамуына да нақты кепілдік береді. Әсіресе соңғы уақытта қолға алынған реформалар құқық үстемдігін нығайтып, басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталды.  Бүгінгі таңда бизнестің табысты дамуы үшін ең басты шарт – тұрақты әрі түсінікті құқықтық орта. Жаңа конституциялық қағидаттар жеке меншікке қол сұғылмауын нақтылай отырып, кәсіпкерліктің еркіндігін қорғауды күшейтеді. Бұл инвесторлар үшін де, отандық бизнес өкілдері үшін де сенімділік пен болжамдылықтың маңызды факторы. Құқықтық айқындық – ұзақ мерзімді инвестиция мен стратегиялық жоспарлаудың негізі. Әділ бәсекелестікке негізделген нарықтық орта – экономиканың қозғаушы күші дейтін болсақ, конституциялық деңгейде бекітілген тең мүмкіндік қағидаты адал кәсіп жүргізуге жағдай жасап, көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға ықпал етеді. Нәтижесінде шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып, экономиканың әртараптандырылуы жеделдейді. Сонымен қатар, Жаңа Конституция ұлттық мәдени құндылықтарды сақтауды мемлекеттің негіз қалаушы ұстанымдарының бірі ретінде айқындайды. Бұл – экономикалық өсім мен рухани жаңғырудың қатар жүруін қамтамасыз ететін маңызды бағдар. Өйткені тарихи сабақтастық пен заманауи даму үйлесім тапқанда ғана мемлекет тұрақты өркендей алады. Басты құжат білім мен ғылымды, инновациялық технологияларды, цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамытуға стратегиялық басымдық береді. Мұндай басымдықтар адами капитал сапасын арттырып, жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамытуға серпін береді. Бұл өз кезегінде елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп, жаңа жұмыс орындарын құруға негіз болады.

    Қорытындылай айтқанда, Жаңа Конституция тек құқықтық құжат қана емес, ол экономикалық сенім мен болашаққа деген стратегиялық көзқарастың айқын көрінісі. Сондықтан берік құқықтық негіз – мықты бизнес пен қуатты мемлекеттің басты тірегі деп есептеймін.

    Меруерт Молдашева,

    Жалпыұлттық коалиция мүшесі,

    облыстық мәслихат депутаты,

    кәсіпкер, Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Бүгін – Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні әрі Қаныш Сәтбаевтың туған күні
    12.04.2026
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
    11.04.2026
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
    11.04.2026
    Әскери өмірдің алғашқы парағы
    11.04.2026
    Запастағы офицерлер – Шекара қызметінің сенімді тірегі
    11.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>