⛅
2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел игілігіне қызмет етеді

    10.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Ел игілігіне қызмет етеді
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Іле ауданында құрылыс жұмысы аяқталған нысандарға пресс-тур ұйымдастырылды. Алдымен журналистер М.Түймебаев ауылындағы ауызсу тарату пунктіне барды.

    Қазіргі уақытта 1000-нан астам үйдің 4000-ға жуық тұрғыны оның игілігін көруде. Қуаттылығы 10000 адамды ауызсумен қамтамасыз етуге жетеді. Жоба құны – 1,4 млрд теңге. Нәтижесінде 21,5 шақырым су құбыры тартылып, 2 резервуар мен 220 метр тереңдікке жететін 2 артезиандық ұңғыма, лаборатория салынған. Су өткен жылдың тамыз айынан беріле бастап, құрылыс-монтаждау жұмысы қараша айында толығымен аяқталған. Осы уақытқа дейін әр үйде 35 метрге жететін ұңғыма болған. Бірақ ол су ішуге жарамсыз болғандықтан тұрғындар ауысуды үйлеріне тасып, әкеліп жүрген.
    Іле аудандық тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғазиз Алтайұлының айтуынша, өткен жылы Іле ауданында ауызсу жүйесінің 55,2 шақырымы жаңадан салынып, 10 шақырымы жаңартылған. Сонымен қатар Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында да ауызсу жүйелерін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаға сәйкес 22 шақырым су құбыры жүргізіліп, 1100-ден астам үй орталықтандырылған сумен қамтылатын болады. Жоспарды жүзеге асыру үшін 1,5 млрд теңге қаржы қажет. Бүгінде бюджеттік өтінім жолданған. Қаражат бөлу күтілуде.
    Іле ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында екі дәрігерлік амбулатория­ның құрылысы толық аяқталған. 40 адамға арналған аталған нысанның бірі «Береке» саяжай-кооперативін­де орналасқан. Жобаның жалпы құны – 293,7 млн теңге. Құрылыс және инженерлік жұмыстар толық аяқталған.
    – Дәрігерлік амбулатория «Береке», «Күншуақ», «Жеңістау», «Нариман» және «Жарқын жастар» саяжайларының 5000-ға жуық тұрғынына қызмет көрсетеді. 20-ға жуық адам жұмыспен қамтылады. Толығымен заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Алдағы уақытта жоғары дәрежедегі медициналық қызмет көрсетеміз деген сенімдемін, – деді «Береке» дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері Альфира Исмайылова.
    Екінші дәрігерлік амбулатория Көкқайнар ауылында салынған. Мұнда да бір мезетте 40 адамды қабылдауға мүмкіндік бар. Ауыл маңындағы елдімекендерде 5159 адам тұрады. Жоба құны – 286,9 млн теңге. Құрылыс-монтаждау, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық жүйелер толық аяқталған. Мердігер ұйым – «Капитал Строй Проект Групп» ЖШС. Аталған екі жоба ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Осы жылдың ақпан айында ресми ашылуы өтіп, пайда­лануға берілмек.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Президент: 5G мерзімінен бұрын енгізілуі тиіс

    Президент: 5G мерзімінен бұрын енгізілуі тиіс

    2 years ago
    Алматы облысында демалыс аймақтары тексерілді

    №4 жағажайға қатысты мәлімдеме

    7 months ago
    Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын жариялау ашық талқылануда

    Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын жариялау ашық талқылануда

    1 week ago
    Мықты қазақ

    Таланттар тандемі

    1 year ago
    Тұрғындар жанайқайын жеткізді

    Тұрғындар жанайқайын жеткізді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>