⛅
-0°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ІЗДЕНІМПАЗ ШӘКІРТ

    21.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    ІЗДЕНІМПАЗ ШӘКІРТ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Астана қаласында өткен «Зерде» ғылыми-зерттеу бай­қауы­ның республикалық кезеңінде Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылындағы №6 орта мектептің 6-сынып оқушысы Әлия Қайрат 1-орынды иеленіп, облыс абыройын асқақтатты.

    Ізденімпаз, жаңашылдыққа жаны құштар, жоғары жетістіктерімен көзге түсіп жүрген Әлия 3-сыныптан бастап түрлі білім бәйгелерінде бағын сынай бастаған. Оның бағындырған белестері мен қол жеткізген жетістіктеріне бастауыштағы сынып жетекшісі болған Эльмира Қожемқұлованың себепкер болғанын атап өткен жөн. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, шәкіртінің бойындағы ерекше қабілетті аңғарған ол Әлияны ізденіске жетелеп,  білімге деген қызығушылығын арттырып,  биік белестерге нық қадам басуына жол ашып берген.
    Ол  «Зерде» зерттеу жобалары байқауының қалалық кезеңінде үш жыл қатарынан топ жарып, облыстық кезеңде екі мәрте жеңімпаз атанып, бір рет жүлдегер болды. 4-сыныпта осы байқаудың республикалық кезеңінде үшінші орынға ие болса, 5-сыныпта облыстық кезеңде үшінші орын алуына байланысты республикаға жолдама ала алмай қалды. Алайда оған сағы сынбаған Әлия дайындығын пысықтап, биыл республикалық байқауда 1-орынды жеңіп алып, өзінің білімділігі мен ізденімпаздығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Осы жетістіктері үшін Қонаев қаласы әкімі мен қалалық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
    Бала кезінен хореографиямен айналысатын Әлия Сәбитқызын жан-жақты қырынан тануға болады. Ол арнайы ағылшын тілі курсын аяқтап, білімін шыңдай түсті. Пәндік олимпиадаларда, әсіресе ағылшын тілі пәнінен түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды еншілеп жүр. Сурет салумен де шұғылданады. Сонымен қатар ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Осындай жан-жақтылығы мен талпынысы оның дарынды әрі еңбекқор тұлға екенін айқындай түседі.
    – Әлияның әр жетістігі – ұстаздарының бағыт-бағдары мен отбасы  қолдауының, өзінің тынымсыз еңбегінің жемісі деп білемін. Оның алдағы уақытта да білім додаларында биік белестерді бағындыратынына сенімім мол. Алғашқы ұстазы Эльмира Қожемқұлова шәкіртінің  бойындағы талпынысты байқап, бағыт-бағдар беріп, сенім ұялатты. Ұстазының қолдауы мен тынымсыз еңбегінің арқасында Әлия алғашқы қатысқан білім сайысында-ақ жоғары нәтиже көрсетіп, өзіне деген сенімін нығайтты. Сол алғашқы қаланған іргетасты одан әрі дамытып,  шәкіртінің қабілетін шыңдап келе жатқан қазіргі жетекшісі – Юлтузай Алмахунова. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз әр баланың бойындағы дарынды дәл аңғарып,  оны дамытуға ерекше мән береді. Әлияның да білімге деген құштарлығын оятып, ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадаларға қатысуына жол ашты. Ұстаздың жүйелі дайындауы мен кәсіби шеберлігінің арқасында қызым республикалық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отыр, – дейді Әлияның анасы Самал Жанғатаева.
    – Республикалық ғылыми сайыстарда өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан шәкіртім Әлия Сәбитқызы зерттеу жұмысына кездейсоқ қадам басқан жоқ. Ол білімге құштарлығы мен ізденіске деген табиғи бейімділігінің арқасында бұл бағытты саналы түрде таңдады. Әрбір ғылыми жобасына тыңғылықты дайындалып, тақырыптың өзектілігін айқындаудан бастап теориялық негізін жүйелеуге, тәжірибелік бөлімін сауатты ұйымдастыруға дейінгі барлық кезеңге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Оның басты ерекшелігінің бірі – сыни тұрғыдан ойлай білуі. Кез келген ақпаратты дайын күйінде қабылдамай, дереккөздерді салыстырып, саралап, ғылыми тұжырым жасауға талпынады. Жұмыс барысында ғылыми стильді сақтап, ойын нақты әрі дәлелді жеткізе біледі. Талдау жасау қабілеті, мәселені кешенді түрде қарастыруы және логикалық пайымдауы оның зерттеу еңбектерінің сапасын арттырып келеді, – деген жетекшісі Юлтузай Алмахунова шәкіртінің жетістігін отбасынан алған тәрбиесінің, ұстаздары мен мектеп ұжымының қолдауының нәтижесі деп есептейді.
    Еліміздің жарқын болашағы білімге құштар, бәсекеге қабілетті жастардың қолында. Білім мен ғылымның жолына бет бұрған оқушылардың қатары көп болғаны көңіл қуантады. Біз де Әлия Қайраттың арманына жетіп, тек жетістіктерімен қуантып, биік шыңдардан көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Конституциялық комиссияның жұмысы –   жаңа қоғамдық шартты бекіту мүмкіндігі

    Конституциялық комиссияның жұмысы –  жаңа қоғамдық шартты бекіту мүмкіндігі

    4 weeks ago
    Жаһандық жарыс

    Жаһандық жарыс

    2 years ago
    Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

    Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

    2 months ago
    Қолы шипалы дәрігерлер

    Қолы шипалы дәрігерлер

    8 months ago
    Алматы облысында 70 ауыл интернетпен қамтылады

    Алматы облысында 70 ауыл интернетпен қамтылады

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>