Жылына айналып келіп тұратын төрт мезгілдің өз қызығы, өзіне ғана тән қиындықтары да болады. Соның ішінде – қыс айлары аязымен, ақ жамылғы көрпесімен ерекшеленеді. Жер-Ананың ылғалын арттырып, еркін тыныстауына мүмкіндік беретін, ел ырыздығы – егістің бітік шығуына ықпал ететін қарды сағына күтетініміз де осыдан. Міне, ақпан айы да мол ылғалымен ерекшеленіп тұр.
Дегенмен, қар жауғаннын кейін елді мекендерде жол жүру қиындап, барыс-келіс саябырлайтыны, ал коммуналдық қызмет пен жол мекемелерінде қауырт жұмыс артатыны да түсінікті. Бүгіндері Қарасай ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы — 1439 шақырымды құрайды десек, оның ішінде: Республикалық маңызы бар 71 шақырым, облыстық 253 және аудандық деңгейдедегі 1115 шақырым (көше) жолдар бар.
Республикалық маңызы бар жолдарды қыс кезінде күтіп ұстауға «Казавтожол» мекемесі барлығы 38 дана арнайы техника жұмылдырды, атап айтқанда – 18-КДМ, 3-грейдер, 6-трактор, 4-тиегіш , 1-экскаватор, 1-бульдозер, 5 жүк көлігі жұмыс жүргізуде. Мұнымен қатар 450 тонна инертті материал қолданды (оның ішінде 150 тонна тұз және 300 тонна құм).
Облыстық маңызы бар жолдарды қыс кезінде күтіп ұстауға ЖШС «Деполь дизайн» мекемесі 23 адам және 11 дана арнайы техника жұмылдырып, барлығы 15 адам қызмет көрсетіп келеді. Осы орайда 300 тонна инертті материал (оның ішінде 100 тонна тұз және 200 тонна құм) қолданылды.
Ал, аудандық маңызы бар 150 шақырым жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына жауапты “Orsep Dor Stroy” мекемесі өзіне жүктелген міндетті атқаруға кірісіп кеткен. Бұл бағытта 40 адам және 16 дана арнайы техника жұмылдырылып, жолдар мен жаяу жүргінші тротуарларын тазалаумен айналысып келеді. Бүгіндері негізгі жолдар қардан аршылып, көшелер мен жүргінші жолдар тазалануда.Бұл мақсатта 6-КДМ, 2-грейдер, 4-трактор, 1-тиеуші, 1-автобус, 2-ХОВА пайдалануда. Көктайғаққа қарсы 300 тонна инертті материал (оның ішінде 100 тонна тұз және 200 тонна құм) себіліп, қауіпсіздік қамтамасыз етілді.
Қуат Қайранбаев,
Қарасай ауданы
