Ұсынылған Конституция жобасы – Қазақстанның тұрақты дамуына бағытталған маңызды құқықтық құжат. Онда адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты құндылығы ретінде айқын көрініс тапқан.
Азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық деңгейде күшейтілуі қоғамдағы сенім мен құқықтық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен бірге құжат қоғамдық бірлік пен келісімді сақтау мәселесіне ерекше мән береді. Этносаралық және дінаралық татулық ел тұтастығының негізі ретінде белгіленген.
Жоба азаматтардың қоғамдық және саяси үдерістерге қатысуын кеңейтуге бағытталған нормаларды қамтиды. Бұл билік пен халық арасындағы өзара байланысты нығайтады. Қорытындылай келе, жаңа Конституция жобасы әділеттілік, заңдылық және қоғамдық жауапкершілік қағидаттарына негізделген заманауи құқықтық жүйені қалыптастыруға бағытталған.
Рисалят НУРАНОВА,
«Қазақстандық ұйғырлардың Республикалық этномәдени орталығы» ҚБ Қонаев қаласындағы филиалының төрағасы




