«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Алатау қаласы Құйған ықшам ауданындағы №8 орта мектептің педагогикалық ұжымымен ауыл тұрғындарымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасын талқылады.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның ең басты ерекшелігі – адамды, оның өмірі мен құқықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекіту екенін атап өтті. Бұл қағидат Преамбулада және 1-бапта нақты көрсетілген.
«Білім саласының қызметкерлері үшін жаңа Конституцияда маңызды кепілдіктер қарастырылған. 33-бапта мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуға кепілдік беріледі. Бастауыш және негізгі орта білім міндетті. Бұл – әрбір қазақстандық баланың мектеп табалдырығын аттауына мемлекет кепілдік береді деген сөз» – деді коалиция мүшесі Роза Абилова.
Мұғалімдер өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу соңында ұжым өкілдері референдумға белсене қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосатындарын жеткізді.




