«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Талғар ауданындағы «Тәуекел Н Алғабас» газ шаруашылығы мекемесінің еңбек ұжымымен кездесіп, 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдум мәселелерін талқылады.
Кездесуде коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның өндіріс саласы қызметкерлеріне берер мүмкіндіктеріне тоқталды. Еңбек қауіпсіздігі, жалақы, демалыс және әлеуметтік кепілдіктер конституциялық деңгейде бекітілгені айтылды.
«Жаңа Конституцияда еңбек адамдарының құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Қауіпсіз еңбек жағдайлары, әділ жалақы және әлеуметтік қамсыздандыру – мемлекеттің міндеті ретінде бекітілді», – деді коалиция мүшесі Сарипов Айдар Саматұлы.
Ұжым қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу соңында олар референдумға белсене қатысып, ел болашағына өз үлестерін қосатындарын білдірді.




