⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Наурыз 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қоғамға қажет басты құжат

    28.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Қоғамға қажет басты құжат
    0
    SHARES
    12
    VIEWS
    Конституция – мемлекетті нығайту мен адам құқықтарын қорғауда еліміздің бағыт беруші басты құжаты болып саналады. Бұл орайда ең алдымен Ата Заңның халыққа ұсынылған жаңа жобасының мемлекеттік тілде дайындалып, мазмұнды жазылғанын атап өткім келеді. Преамбула, 11 бөлім мен 96 баптан тұратын Конституция жобасының әр тармағының мәтіні ұғынықты тілде екені ұнады. Онда мемлекеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани өміріндегі барлық саланың құқықтық негіздері қамтылды ғой деп ойлаймын.
    Мемлекеттің алға қарай дамуы үшін елдің тұтастығы мен тыныштығы болуы керек. Ата Заң жобасы қоғамдық келісім үшін айқын бағдарды белгілейді. Осыған байланысты онда адам құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігі және биліктің жауапкершілігі нақты көрсетілген. Конституциялық қағидалар неғұрлым нақты болса, қоғамдағы сенім деңгейі мен мемлекеттің тұрақтылығы соғұрлым жоғары болатыны анық. Жаңа Конституция жобасы тең құқықтар қағидатын және Қазақстанның сан алуандылығына құрметті нығайтады. Ал қоғамдық келісім әділдікке, диалогқа және өзара мойындауға негізделген жүйе арқылы қалыптасатыны белгілі. Конституция жобасы қоғамдық қатынастарды дамытудың жаңа кезеңін көрсетіп, қоғамды топтастырудың жинақталған тәжірибесін ескере отырып, елдегі бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған. Мұнда бірлік пен ынтымақтастық Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде белгіленді.
    Конституциялық өзгерістердің қоғамның дамуына бағытталуы аса маңызды. Бұл орайда жаңадан құрылатын Халық Кеңесі этносаралық бірлікті күшейту мен қоғамдық келісімді нығайтуда үлкен рөль атқаратынына сенемін. Жаңа жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың алға қойған стратегиялық функцияларын одан ары жалғастырады. Ол Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болады.
    Референдумға ұсынылған жаңа Конституция жобасы құқықтық мемлекеттілікті нығайтып, мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын арттыруда үлкен әлеуетке ие. Бұл өз кезегінде мемлекеттің одан ары дамуына жасалған алғышарт саналады десем қателеспеспін. Ал мемлекеттің дамуы үшін елдегі тұрақтылықтың сақталуы өте қажет. Бұл орайда басты құжат жобасының баптарында зайырлылық қағидаттарын бекітудің маңыздылығы да ерекше. Бұл қағидалар ар-ождан бостандығы, диалог мәдениеті және толеранттылық қағидаттары сияқты азаматтық татулық құндылықтарын нығайтады. Мұндай құндылық көзқарастар алуандығын сақтай отырып, қоғам бірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
    Жаңа Конституция жобасының қоғамдық өмірдің моральдық негіздерін нығайтудағы маңызы зор. Бұл негіздер адамның қадір-қасиетін құрметтеу, өзара жауапкершілік және диалог мәдениеті сияқты құндылықтарды қамтиды. Діннің оң рөлі руханиятты, мейірімділік пен ынтымақтастықты қолдаудан көрініс табатын болса, бұл қоғам бірлігін сақтауға ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда жаңа Конституция жобасы азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау арқылы халық пен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған деп есептеймін.
    Сәуле ӘЛІМҚҰЛОВА,
    Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты, 
    Сарыбастау орта мектебінің директоры

    Ұсынымдар

    ҚХА: Халық таңдаған депутаттар сенім үдесінен шығуы керек

    ҚХА: Халық таңдаған депутаттар сенім үдесінен шығуы керек

    3 years ago
    Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

    Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

    1 year ago
    Дайын құжатты ХҚКО-дан үйге жеткізуге болады

    Дайын құжатты ХҚКО-дан үйге жеткізуге болады

    2 years ago
    Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

    Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

    10 months ago
    Конституциялық комиссия екінші отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдері бойынша нормалар талқыланды 

    Конституциялық комиссия екінші отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдері бойынша нормалар талқыланды 

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>