🌫️
-9°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қолдау барда даму бар

    12.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Қолдау барда даму бар
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Көктем жақындап келеді. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін дала жұмыстары басталуға аз қалды дегенді білдіреді. Жауапты науқанға орай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен халықты мемлекеттік қолдау шаралары мен несиелеу бағдарламаларынан хабардар ету мақсатында көшпелі кеңес өтті.

    Талғар аудандық әкімдігінде өткен жиынға фермерлер, шағын және орта бизнес өкілдері, ауыл шаруашылығы бірлестіктерінің басшылары жиналды. Кеңеске облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің өсімдік шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және техникалық бақылау қызметінің бас маманы Алмас Ақылбеков, облыстық «Аграрлық несие корпорациясының» өкілі Нұрмәди Әлібаев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Әсел Қарымсақова, «Қонаев» ӘКК мемлекеттік жұмыстарды іске асыру департаментінің бас менеджері Шерхан Ибадуллаев қатысты.
    Шараны жүргізіп, модераторлық еткен аудан әкімінің орынбасары Әнуар Әскербеков көшпелі кеңес Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп отырғанын атап өтті.
    Кеңесте бірінші болып сөз алған Алмас Ақылбеков облыстың ауыл шаруашылығы секторындағы жағдай­дың жай-күйі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оның түсіндіруінше, қазіргі уақытта облыста көктемгі егіске дайындық бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Егін салу үшін 63 тонна тұқым дайын. Аймақта барлығы 20 тұқым шаруашылығы және 9 сатушы нысан жұмыс істейді. Бұл саланы дамыту мақсатында биыл жергілікті бюджеттен 502 млн теңге бөлінген. Ал тұқымдық және отырғызу материалының сорттық және егістік сапасын анықтауға – 52 млн теңге, минералдық тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға – 1,1 млрд теңге, пестицидтер мен биологиялық препарат­­тардың құнын субсидиялауға 264,6 млн теңге бағытталған. Ол сондай-ақ отандық тыңайтқыш өндіру­­шілерден тыңайтқыштарды сатып алу кезінде алдын ала өтінім бойын­ша олардың құнының 5 пайызын шаруашылықтар төлейтінін, ал қалған бөлігін мемлекет субсидия ретінде өтейтінін жеткізді. Ол үшін ақпан айынан бастап тиісті өтінімдерді жіберу қажет. Көктемгі егіс жұмысын жүргізу үшін «Кең дала» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 6,2 млрд теңге болатын 83 өтінім мақұл­данған. Баяндамашы сонымен бірге биылғы көктемгі егіс жұмысының уақытылы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында «Кең дала – 2» жеңілдікті несиелеу бағдарламасы аясында облыс бойынша 10 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылғанын атап өтті.
    – Бұл қаражат қаржы жеткіліксіз болған жағдайда қосымша мүмкіндіктер үшін көзделген. Осыған байланысты тиісті өтінімдерді «Аграрлық несие корпорациясына» жіберуге болады. Аграршыларды арзан дизель отынын алу үшін де мемлекеттік қолдауды пайда­лануға шақырамын. Бұл өтінім­ді Gosagro порталына жіберуге болады. Талғар ауданы бойынша 6 тауар өндіруші 761 тоннаға өтінім берген. Дизель отынының құны – 250 теңге. Облыс бойынша 970 тонна дизель отыны бөлінген. Сондай-ақ материалдық-техникалық базаны жаңарту бойынша лизингке сату мүмкіндіктері бар. Бұл мақсатқа 640 техника бірлігі қарастырылған, – деді Алмас Ақылбеков.
    Ал Нұрмәди Әлібаев «Аграрлық несие корпорациясындағы» жеңілдікті несиелендіру бағдарламалары туралы кең көлемде әңгімеледі. Оның айтуын­ша, «Кеңдала» бағдарламасы бойынша 18 ай мерзімге жылдық 5%-бен несие беріледі. Ол «Даму» қорының кепілдігі арқылы қамтамасыз ету мүмкіндігі мен айналым қаражатын толықтыруға және көктемгі егіс жұмысын жүргізу­ге арналған. Несие сомасы – 200 млн теңгеден 3 млрд теңгеге дейін. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған «Агробизнес» бағдар­ламасы бар. Ол – 80% қарыз қара­жатын алып және 20% өз қаты­суы­­мен мемлекеттік стандарт бойын­ша жасалған бордақылау алаңын субсидия­лауға және құс фабрика­ларының қажет­тілігіне бір жыл мерзімге 5%-дық мөлшерлемемен беріледі.
    Әсел Қарымсақова қатысушыларға лизингке техника сатып алу шарттарын түсіндірді. Өтінімдер онлайн қабыл­данады және 5 күн ішінде мақұлдануы мүмкін.
    Шерхан Ибадуллаев өз ісін жаңа бастаған аграршыларды қолдауға арналған «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы туралы баяндады. Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс орындарын құруға және ауылдың экономикалық тұрақты­лығын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» – ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында ауыл бастамаларын қолдауға 13 млрд-тан астам теңге бөлініп, бұл 1400-ден астам жобаны қаржылан­дыруға мүмкіндік берді.
    «Ауыл аманаты» аграрлық секторды ғана емес, қызмет көрсету саласын да қамтиды. Алматы облысының елді­мекендерінде техникалық қызмет көрсету стансалары, көлік және логис­тикалық қызметтер, қоғамдық тамақ­тану нысандары, сауықтыру және тұрмыстық сервистерді қоса алғанда, 98 сервистік жоба ашылды және кеңейтілді. Осы бағыттарды дамыту өмір сүрудің қолайлы ортасын қалыптастыруға, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және халықтың ауылдық жерлерден кетуін төмендетуге ықпал етеді. «Қонаев» ӘКК-нің «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға қатысуы Алматы облысының ауыл аумағын әлеуметтік-экономикалық дамытуға елеулі үлес қосты.
    Жалпы көшпелі кеңес нәтижелі өтті. Қатысушылар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауап алды. Бастысы, кеңеске қатысушылар қай салада болсын, мемлекеттік қолдау барда даму бола­тынына көз жеткізіп қайтты.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаев қаласында 30 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады

    АЭС құрылысы: Қазақстан халқы бүгін таңдау жасайды

    1 year ago
    Татамидегі тартыс

    Татамидегі тартыс

    1 year ago
    ҰРПАҒЫҢА МЕДЕТ БЕР, ҰЛЫ БАБАМ!

    ҰРПАҒЫҢА МЕДЕТ БЕР, ҰЛЫ БАБАМ!

    6 months ago
    Экономика РК теряет миллиарды из-за схем по дроблению бизнеса

    10 months ago
    Жаңадан ашылған ҮАААЖ бойында жол апатынан үш адам қаза тапты

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>