❄️
-4°C
Қонаев
Бейсенбі, Ақпан 12, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    КӨҢІЛ ТОЛҚЫТҚАН КЕШ

    11.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    КӨҢІЛ ТОЛҚЫТҚАН КЕШ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай Қонаев қалалық Мәдениет үйінде «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-сазды кеш өтті. Жиналған қауым алдымен Мәдениет үйінің дәлізінде орналасқан Мұқағали Мақатаев әдеби-мемориалды музейінің жылжымалы көрмесін тамашалады.

    Музей қызметкері Мөлдір Әділбай Қарасаздан арнайы әкелінген құнды жәдігерлерді көпшілікке таныстырды. Көрмеге ақынның қаламсабы, телефоны, сағаты, жазу машинкасы, портфелі, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болған кездегі қызметтік куәлігі, Жазушылар одағының мүшелік билеті және тағы басқа заттары, құжаттары, қолжазбалары, кітаптары мен өмірінің соңғы жылдары киген киімдері қойылған.

    Жыр кеші көрерменнің көңіліне сәуле сыйлайтын сырлы сөздермен өрнектелген сахналық қойылыммен ашылды. Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов жұртшылықты ақиық ақынның 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.

    – Мұқағали жырлары елдікті, бірлікті, туған жерге деген махаббатты дәріптейтін мәңгілік рухани құндылық болып қала береді. Сондықтан биылғы мерейтой – ақынды еске алу ғана емес, оның асыл сөзін жас ұрпаққа аманат ету. Мерейтой аясындағы бүгінгі шара ақын мұрасын дәріптеп қана қоймай, көрерменнің жүрегіне жол табады деп сенемін, – деген Асхат Еремекұлы қала әкімдігі мәдениет пен өнерге арналған барлық шараға қолдау көрсететінін айтты. Одан кейін мінбеге көтерілген облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама баскармасының басшысы Әнуар Үмбеталиев облыс көлемінде мұзбалақ ақынның мерейтойына арналған іс-шаралардың өтіп жатқанын атап өтті.

    Қонаев қалалық Мәдениет үйі өнерпаздары зал толы қауымды ақынның өлеңдеріне жазылған әндері және жүректерді тербеген жырларымен  сусындатты. Келесі кезекте көрермендер назарына қазақ халқының жүрегінде мәнгі өмір сүретін акынның  адалдыққа, шынайылыққа  шақыратын  ұлы мұрасын ұлықтау мақсатындағы тебіреністі көрініс ұсынылды. Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары сахналық бейнелерді шебер сомдады.

    Сахнада «Қонаев әуендері» ансамблінің сүйемелдеуімен Сәкен Нұрпейісов, Бекболат Сағадиев, Дарын Нартай «Күрең күз» әнін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар Айнұр Бекбосынова, Аружан Музафарова, Айдана Амангелдиева, Айсауле Кияс, Бекболат Сағадиев  сынды әншілер де қазақы қоңыр дауыспен ақын өлеңдеріне жазылған әндерді әуелете шырқады.

    Рухани кеш қазақ эстрадасының әншісі Жұбаныш Жексенұлының орындауындағы «Есіңе мені алғайсың» әнімен қорытындыланды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Облыс әкімі Қонаев қаласындағы құрылыс жұмыстарын тездетуді тапсырды

    Қонаевтың әлеуметтік-экономикалық даму жоспары талқыланды

    2 years ago
    Президент Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады

    Президент Қазақстанның Құрама Штаттармен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады

    3 months ago
    Тарихи таңдау жасалды

    Тарихи таңдау жасалды

    1 year ago
    Алдаспаны еді айтыстың

    Алдаспаны еді айтыстың

    4 months ago
    Базарын тапқан балмұздақ

    Базарын тапқан балмұздақ

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>