☀️
10°C
Қонаев
Бейсенбі, Ақпан 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Конституция құндылығы түсіндірілді

    19.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Конституция құндылығы түсіндірілді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Наурыздың 15-і күні жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізіледі. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам болғандықтан жаңа Ата Заңды халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында еліміздің барлық өңірінде коалиция кұрылып, олар  өз жұмысын бастап кетті.

    Балқаштағы үгіт-насихат жұмысы  аудандық орталық аурухана ұжымымен кездесуден басталды. Жүздесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен олардың қоғамға, мемлекет дамуына тигізетін маңызы жайында баяндап, дәрігерлер пікіріне құлақ түрді. Мұнан соң коалиция мүшелері аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешеніне атбасын бұрды. Онда да күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша әңгіме өрбітіп, спорт саласы қызметкерлерінің пікірлерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта осындай ақпараттық-түсіндіру шаралары өз жалғасын табатынын жеткізді.

    Коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарын кеңінен таныстырды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, билік тармақтарының теңгерімін сақтау және халықтың басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттыру жайы түсіндірілді. Ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, ашық әрі мазмұнды пікір алмасу өтті. Сонымен қатар референдум күні берілген әрбір дауыстың ел болашағына қосылған үлес екені айтылды.

    Иә, Конституция − кез келген елдің құқықтық іргетасы ғана емес, оның тарихи таңдауының, құндылықтық бағдарларының және болашаққа деген сенімді стратегиялық көзқарасының айнасы. Конституцияның бүкіл халықтың дауысымен бекітілуі оның заңдық күшін ғана емес, қоғамдық негізін де күшейтетіні сөзсіз.

    Бақтығали ДӘУІТБАЙ

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Ырысымыз ортаймасын!

    Ырысымыз ортаймасын!

    11 months ago
    Ұлттық жоба: Табиғи монополия субъектілері коммуналдық желілерді жаңартады

    Ұлттық жоба: Табиғи монополия субъектілері коммуналдық желілерді жаңартады

    11 months ago
    Асылдың сынығын аналар күнімен құттықтады

    Асылдың сынығын аналар күнімен құттықтады

    2 years ago
    Үздіктер санатында

    Үздіктер санатында

    1 year ago
    Өзгерістерге байыппен қарайық

    Өзгерістерге байыппен қарайық

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>