☀️
3°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды

    17.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Конституциялық реформа: Ұлы дала мемлекеттілігінің жаңа белесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Университеттің жетекші тарихшылары, құқықтанушылары мен ғалымдары елдегі ауқымды саяси өзгерістерді тарихи мұра мен ұлттық бірегейлік тұрғысынан талқылады.

    Шараны ашқан тарих факультетінің деканы Досбол Байғонақов қазіргі реформалардың еліміздің болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың адамға бағытталған басқару моделінің айнасы екенін атап өтті. «Біз, тарихшылар үшін бұл реформалар ерекше мәнге ие: бұл – Ұлы дала мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығын заң жүзінде бекітудің жаңа кезеңі және әділетті Қазақстан құру жолындағы берік құқықтық негіз. Бүгін қабылданатын шешімдер ертеңгі тарихтың өзегіне айналады» – деді Досбол Байғонақов.

    Қатысушылар демократиялық институттардың эволюциясына ерекше назар аударды. Профессор Берекет Кәрібаев баяндамасында ежелгі дәстүрлер мен қазіргі заман арасындағы ұқсастықтарды келтірді. Оның пікірінше, Ұлы дала демократиялық дәстүрлері ежелгі далалық заңдардан бастау алып, қазіргі Конституцияда логикалық жалғасын табады, бұл мемлекеттік құрылымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

    Профессор Аманжол Қалыш халық өкілдігінің институттарын жаңғырту мәселесіне тоқталды. Ол конституциялық өзгерістер аясында Ұлттық құрылтайдың жаңа мәртебеге ие болғанын ерекше атап өтті. Спикердің айтуынша, жаңа Конституциядағы Кұрылтайдың орны мен рөлі мемлекеттің қоғамды консолидациялауға және маңызды саяси шешімдер қабылдауда халықтың пікірін ескеруге деген ұмтылысын көрсетеді.

    Кездесу барысында сондай-ақ «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің конституциялық идеялары мен «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының үндестігі талқыланды. Қатысушылардың пікірінше, қазіргі конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтіп қана қоймай, мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара сенімге негізделген жаңа қоғамдық келісім қалыптастырады.

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз

    қызметі

    Ұсынымдар

    Президент Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады

    Президент Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады

    5 months ago
    Ерлан САИРОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: БҰЛ НЕ ДЕГЕН БАССЫЗДЫҚ?

    Ерлан САИРОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: БҰЛ НЕ ДЕГЕН БАССЫЗДЫҚ?

    4 weeks ago
    Жаңа мектеп бой көтеруде

    Жаңа мектеп бой көтеруде

    2 years ago
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

    1 year ago
    Тиімділігін көрсетті

    Тиімділігін көрсетті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>