🌫️
-9°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қос қуаныш

    12.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Қос қуаныш
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Ел басына күн туған сындарлы сәтте қан майданға аттанып, Отан қорғау жолында батырлықтың шынайы үлгісін көрсеткен аталарымыздың ерлігі – ұрпаққа өнеге. Кеген өңірінің жұртшылығы майдангерлер рухына тағзым етіп, олардың есімін кейінгі ұрпақ жадында қалдыру мақсатында игі істер атқарып келеді. Жуырда тағы бір тағылымды шараның куәсі болдық. Алғабас ауылындағы көшеге ерлігі ел есінде қалған Екінші дүниежүзілік соғыс және еңбек ардагері Қадыр Сәулеевтің есімі берілді.

    Салтанатты шараға Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Алмасбек Нөкербанұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғыс Тұрсынов, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Қуанышбек Төлепбердиев, мекеме басшылары, соғыс ардагерлерінің ұрпақтары қатысты.
    – Алғабас ауылында тағы бір тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Болашақ ұрпаққа үлгі бола білген, ел тыныштығы үшін жанын қиған Қадыр атамыздың есімі көшеге берілуде. Бұл – біздің азаматтық борышымыз. Сондықтан осы игі бастамаға атсалысқан барша ағайынға алғысымды білдіремін, – деді аудан басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.
    Жиналған көпшілік ардагерлердің бейбіт өмірде абыроймен атқарған қызметі мен еселі еңбегін атап өтті.
    – Адам баласы тарихта сансыз зұлматты басынан кешірді. Бірақ соның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы сұмдық болды. Қаншама отбасы қара жамылды. Соғыста ерлік көрсеткен жандардың есімі ешқашан ұмытылмайды. Олардың батырлық қасиеті жас ұрпақты отаншылдыққа бастайды. Сондай соғыс ардагерінің есімі көшеге берілуі – құптарлық іс, – деген ауыл тұрғыны Әріп Сыбанбаев жиналған көпшілікке ақ батасын берді.
    Майдангердің өмір жолы ұрпақ жадында жаңғыра берері сөзсіз. Жеңістің 80 жылдығына орай өткен бұл шара болашақ ұрпаққа бейбітшілікті бағалауды үйрететін маңызды қадам болмақ.
    Бұл күні Алғабас ауылдық округіне қарасты Жаңаталап елдімекенінде де «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа медициналық пункттің ашылу салтанаты өтті. Бұл – ауыл халқы үшін қолжетімді әрі сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік нысан. Алғабастықтардың қуанышымен ортақтасқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов жаңа медициналық мекеменің ашылуымен ауыл жұртшылығын құттықтады.
    – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласына ерекше қолдау көрсетіп, Алматы облысына 38 медициналық мекеме салуды тапсырған болатын. Облыс басшысы бұл іске айрықша көңіл бөліп, толықтай 38 нысанның салынуына игі ықпал етті. Соның алтауы Кеген ауданында салынуда, – деді ол.
    Салтанатты шарада сөз сөйлеген Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев бұл шалғай ауыл тұрғындарының медициналық көмек алу мүмкіндігін арттыруға бағытталған бастама екенін атап өтіп, Алғабас ауылдық фельдшерлік-акушерлік пунктінің мейірбикесі Әсем Мұсаеваға жаңа ғимараттың символикалық кілтін табыс етті.
    Одан кейін сөз кезегі аудандық мəслихаттың төрағасы Алмасбек Нұғыман мен Алғабас ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Смағұл Рысқұлбекұлына берілді. Олар ауыл халқы атынан алғыстарын жеткізіп, ел игілігіне қызмет ететін нысанның жұмысына табыс тіледі.
    Бұдан соң облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов, аудан əкімі Нұрбақыт Теңізбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғыс Тұрсынов, Алғабас ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бегалы Сыдыбайұлы жаңа ғимараттың лентасын қиды. Жиналған көпшілік нысанның ішін аралап көрді. Жаңа ғимарат жұмысымен аудандық аурухананың директоры Қуаныш Бөлегенұлы таныстырды. Нысан қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.
    Жаңадан ашылған медициналық пункт ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырып, дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетіп, адам денсаулығын жақсартуға қызмет етері сөзсіз.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Серпіліс сыйлады

    Көше атауы кезең-кезеңімен өзгереді

    8 months ago
    Білім саласы басты назарда

    Білім саласы басты назарда

    5 months ago
    ҒҰМЫР ЖОЛЫ –  ҒЫЛЫМ ЖОЛЫ

    ҒҰМЫР ЖОЛЫ – ҒЫЛЫМ ЖОЛЫ

    1 year ago
    “Көш бастау үшін Отансүйгіш, халықшыл болу керек”

    Жақсылық жасаудан жалықпаған

    11 months ago
    Жөнсіз қоқыс полигондары мәселесін шешуді тапсырды

    Жөнсіз қоқыс полигондары мәселесін шешуді тапсырды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>