⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Ақпан 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Күш – бірлікте!

    02.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Партия
    Күш – бірлікте!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

        Қонаев қалалық Мәдениет үйінде «Күш – әрқайсымызда» атты Қазақстан халық партиясы жақтастарының форумы өтті. Шараға аталған партия төрағасы Ермұхамед Ертісбаев, Мәжіліс депутаттары, аймақтық филиалдардың жетекшілері, жастар қанатының өкілдері мен сарапшылар қатысты.

    Алғашқы болып сөз алған партия­ның облыстық филиа­лының төрағасы Асқар Ниязов форум­ның маңызына тоқталып өтті. «Ел тағдыры – әрқай­сымыздың қолымызда. Біз жауап­кершіліктен қашпайтын, заңды құрметтейтін және өз құқығын қорғай алатын қоғам құруды мақсат етеміз. Бүгінде аймақта партияның тоғыз өкілдігі халықпен тығыз жұмыс істеп, тұрақтылықты нығайтуға әрекет етуде. Басты қозғаушы күшіміз – халық. Сондықтан әрбір азаматтың пікірі, саяси көзқарасы маңызды. Біріксек биіктейміз, сенсек жеңеміз, әрекет етсек өзгертеміз», – деді ол.
    – Қазір интернет пен жасанды интеллект ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан халық партиясы – заман талабына сай еліміздегі көшбасшы медиа-партия. Бұл форум осы уақытқа дейін Ақмола, Қарағанды, Батыс, Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында өткізілді. Оның киелі Алматы облысында жалғасуы үлкен мәнге ие. Бұл өлкенің қазақтың батырлық рухы мен азаттық үшін күрестің бесігі екенін зор мақтанышпен айтамын.
    Бүгінде 86 депутатымыз жергілікті мәслихаттарда жұмыс істеуде. Өткен жылы 973 депутаттық сауал жолданып, 1292 азаматтың өтініші қаралды. Оның 692-сінің оң шешілуіне көмектесті. Сондай-ақ «Халық үні» жобамыз да жақсы нәтиже беруде, – деген Ермұхамед Қабиденұлы партияның осы уақытқа дейін атқарған жұмысы жайлы баяндап, алдағы жоспарларын айқындап берді. Оның айтуынша, аталған жобаға 790 мыңнан астам адам қатысқан. Түрлі бағыттағы 536 іс-шара, 416 кездесу және 253 дөңгелек үстел өткізілген. 60 мыңнан астам азамат қатысқан сауалнама жүргізіліп, 983 нысанға мониторинг жасалған. Ерекше қамқорлықты қажет ететін, оның ішінде аутизм дертіне шалдыққан балаларды қолдау мақсатында «Халық кеңесі» атты сараптамалық комиссия құрылған. Сонымен қатар 300-ден астам дүкенде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тексеріліп, интернет-алаяқтықтан зардап шеккен 400-ден астам адамға көмек көрсетілген.
    Партияның белсенді мүшесі Елмира Әуезова денсаулық саласына қатысты «Медициналық фьюжн» атты жаңа бастама жайлы баяндады. Жоба халық пен медицина қызметкерлері арасындағы түсініспеушілікті шешуге, жұртшылықты ақпарат­тандыруға бағытталған. Ол жас буынға мамандықты дұрыс таңдауға қатысты кеңес беріліп, оқу орнын бітіргеннен кейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына мүмкіндік берген шаралар жайлы да баяндады.
    Форум барысында инклюзия­лық жобаларды қолдаудағы партияның маңызы, әйелдер қанаты белсенділерінің қызметі талқыланып, спикерлер мотива­циялық бағыттағы кеңестерімен бөлісті. Кездесу соңында облыс­тың дамуына үлес қосқан мамандар марапатталып, Қазақстан халық партиясының жаңа өкілдеріне партиялық билет салтанатты түрде табысталды.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Ұсынымдар

    Азаматтық құқықты қамтамасыз етеді

    Азаматтық құқықты қамтамасыз етеді

    12 months ago
    Ерлікке тағзым

    Ерлікке тағзым

    1 year ago
    Жеңісті жақындатқан

    Жеңісті жақындатқан

    9 months ago
    ҚАН ҚҰЮ ДІНГЕ ҚАЙШЫ МА?

    ҚАН ҚҰЮ ДІНГЕ ҚАЙШЫ МА?

    2 months ago
    Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>